Қазақстанда халық саны биыл 18 млн 489,7 мың адамға жетті. Былтырғы 1 маусыммен салыстырғанда халық саны 236,4 мың адамға немесе 1,3% өскен.
Қала халқының саны – 10 млн 767,6 мың адам, яғни халықтың 58,2 пайызы қалалық жерде тұрады. Ауылдарда жалпы 7 млн 722,1 мың адам, яғни халықтың 41,8 пайызы ауылда тұрады. Биыл қаңтар-мамыр айларында республикада 1 жасқа дейінгі 1 459 сәби шетінеген (былтыр – 1 366). Сәбилердің шетінеу коэффициенті әр 1000 нәрестеге 9,04-тен келеді. Нәресте шетінеуінің басты себебі, жүктілік кезіндегі ауру-сырқаудың салдарынан болып отыр. Биыл бес айда 772 нәресте көз жұмған.
Сондай-ақ биыл қаңтар-мамыр айларында Қазақстанға келушілердің саны 10,8 пайызға қысқарып, кеткендер саны 19,8 пайызға, ел ішіндегі көшіп-қонушылар саны 19 пайызға өскен.