Қытайда адам өміріне қауіпті шошқа тұмауы анықталды
Қытайда адам өміріне қауіпті шошқа тұмауы анықталды
519
оқылды
Қытайлық ғалымдар пандемияға дейін өршіп кету қаупі бар шошқа тұмауының жаңа түрін анықтады.Бұл туралы The Independent басылымы хабарлады. Оған  G4 EA H1N1 деген атау берілді. Зерттеушілердің сөзінше, бұл вирус құс тұмауы мен H1N1 вирусының қоспасына ұқсас екен. Еске сала кетсек, 2009 жылы аталған соңғы инфекциядан мыңдаған адам қаза тапқан болатын. Ш ошқа тұмауы елдің он провинциясында тіркелген. Ғалымдар бұл вирустың шошқадан адамға жұғатынын мәлім етті. Олар шошқа өндірісімен айналысатын ферма қызметкерлерінің 10 пайызында вирусқа қарсы антидене бар екенін, яғни олардың осы аурумен ауырғанын дәлелдеген. Дегенмен оның адамнан адамға жұғатыны әзірге зерттелмеген.