Шетелдік нөмірлі көліктер Қазақстанда онлайн тіркеле ме?
Шетелдік нөмірлі көліктер Қазақстанда онлайн тіркеле ме?
390
оқылды

Шетелден әкелінетін көліктерді уақытша онлайн тіркеу мәселесі қарастырылып жатыр.

Ішкі істер министрлігінің полиция аға инспекторы Ақтоты Боранованың айтуынша, шет елден әкелінетін көліктер тіркелсе, бірқатар мәселе шешіледі.

– Шетелден келген автокөліктерді уақытша тіркеуді онлайн түрде, 24 сағатта, тегін жүргізу қарастырылып отыр. Осы мәселелер оң шешімін тапса, осы бағыттағы жұмыстар одан ары жалғасады. Бүгінгі күнде республика көлеміндегі ешқандай мемлекеттік органда шетелдік автокөліктерді жүргізетін жүргізушілер жөнінде толық мәлімет немесе нақты дерек жоқ. Сол себепті, уақытша тіркеу тек жолдағы ғана емес, полицияның қоғамдық қауіпсіздікті де сақтауына көмегін тигізеді, – деді Ақтоты Боранова.

Шетелдік көліктерді онлайн тіркеу жүзеге асса, біраз мәселе оң шешімін табады.