Жол апаты бес пайызға артқан
Жол апаты бес пайызға артқан
420
оқылды

Биыл алты айда 7 093 көлік апаты тіркеліп, 850 адам қаза тапқан.

Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Әлібек Кеңісбаевтың айтуынша, жарты жылда 9 425 адам көлік апатынан жарақат алған.

– Өткен былтырғы жарты жылдықпен салыстырғанда жол-көлік оқиғаларының саны 5 пайызға артқан. Қаза тапқандар саны 8 пайызға көп. Жол қозғалысының апаттылық деңгейін тұрақтандыру мақсатында жолдарда бақылау күшейтілді. Жыл басынан бері полиция қызметкерлері жол ережесін бұзған 2,8 млн адамды ұстады. Оның 103,5 мыңы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 17,6 мың жүргізуші көлік айдау құқығынан айырылды, 1 742 адам әкімшілік қамауға алынды, – деді Әлібек Кеңісбаев.