Мемлекеттік қызметтің талабы күшейеді
Мемлекеттік қызметтің талабы күшейеді
310
оқылды

Қазақстан Президенті Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанованы қабылдады.

Кездесу барысында Мемлекет бас­шысына агенттіктің қазіргі жұ­мыс­тары мен алдағы жоспарларын бөлісті.

Анар Жайылғанова «Президенттің кадрлық резервін» құру және мем­лекеттік қызмет көрсетуді электрон­ды форматқа көшіру үшін қабыл­данып жатқан шаралар жөнінде баяндады.

Қасым-Жомарт Тоқаев мем­лекеттік қызметтердің тиімділігін арттыруға және мемлекеттік басқару­шыларға қойылатын талапты кү­шейтуге тиісті, Мемлекеттік бас­қару­ды дамытудың тұжырымдамасын әзірлеу қажет екенін айтты.