Елорда қаржы орталығына қашан айналады?

Елорда қаржы орталығына қашан айналады?

Еліміздегі саяси науқан мен ауыс-түйістердің көлеңкесінде маңызды бір шараның өткені байқал­май қалғандай. Ол жиын несімен ерекшеленді, әңгіме сол жөнінде. Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 1-4 шілдеде ұйымдастыр­ған Астана қаржы күнде­ріне бизнес, үкіметтік органдар, қаржы саласы­ның көшбасшылары мен академиялық орта өкілдері бас қосты. Биыл жиынға 55 елден 3 500 адам қатысты. 25 меморандумға қол қойылды. Осылайша, Ел­басының Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам бағдарламасында айтылған АХҚО құру, дамыту тапсырмасы орындалды деуге болады.

Биылғы іс-шара Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың АХҚО соты мен Халықаралық арби­траж­дық орталықтары ғимарат­тарын салтанатты түрде ашуымен ерекшеленді. Соны­мен қатар АХҚО-ға тіркелген 200 ком­па­нияның өкілдері осы жиынға жиналды. Былтыр ашыл­ғалы бері АХҚО-ға осын­шама компания­ның тіркелуі – олардың ағылшын заңына не­гізделген юрисдикция шеңберін­де жұмыс істеуге деген қы­зы­ғушылығын көрсетеді. Де­мек, ТМД елдері ішінде тұңғыш рет ағылшын заңы негізінде жұмыс істейтін қаржы орталығына сұраныс бар және сұраныстың артуы бек мүмкін.

Қаржы күндерін қорытқан баспасөз мәслихатында Астана халықаралық қаржы орталы­ғы­ның басшысы Қайрат Келімбетов қаржы орталығына тіркелген ком­паниялар санын арттыруға басымдық берілетінін айтты.

«Бүгіндері АХҚО-да қаржы секторы, аудиторлық компания­лар, құқықтық қолдау қызметі, ірі қаржы институттарынан 200-ден астам компания тір­кел­ген. Олар­дың арасында Қы­тай құрылыс банкі, Altyn Bank, Қы­тай даму банкі, Сингапурдың Paladigm Capital Pte, Чехияның Wood and Co, Оңтүстік Кореядан Shinhan Investment Corporation, АҚШ-тан Russell Bedford, Кипрден Renaissance Capital, Ресейдің аналити­калық кредит-рейтинг агенттігі бар. Біз осы жылдың соңына де­йін тіркелген компаниялар саны 250-ден асқанын, ал 2020 жылы 500-ден асқанын қалаймыз және сол үшін жұмыс істейміз», – деді Қ.Келімбетов.

Қаржылық күндер аясында көптеген іс-шара мен жиындар ұйымдастырылды. Әр жиынның көтерер жүгі бар. Мәселен, Capital markets forum – қапитал нарығы, қор биржасының бола­шағы, қандай да бір жобаларды жүзеге асыруға қаржы көздерін табу секілді мәселелерге арнал­ды. Ал Finance infrastructure forum Еуро­па, Азия, Солтүстік Америка қар­жы орталықтары өкілдерінің ба­сын қосты. Жыл­дам дамып жат­қан әлемдік эко­номикадағы ­қар­жы орталық­тарының рөлін тал­қылады. Қар­жы орталықта­рындағы реттеу мәселелеріне тоқ­талды.

Edtech Forum – адам капи­талын дамыту, жаңа иннова­циялық технологиялар мен білім мәселелерін талқылады. Fintech summit – қаржы технологиялары саласындағы стартаптар, қандай да бір бастамаға қолдау көрсе­тетін инвестор, менторларды табу, ин­кубация, аккселерация, стар­тап­тарға қаржылық қолдау көрсету секілді мәселелерді қамтыды. Islamic finance con­ference – ислам қаржыландыру са­ла­сындағы ірі сарапшылардың басын қосты. АХҚО да Ислам қаржыландыру бағыты болса, соның даму мәсе­лелерін талқы­лады. Заң конфе­рен­циясы – ағыл­шын заңы бо­йынша сарап­шылар бас қосып, тәжірбиеле­рімен бөлісті.

Қаржылық күндер аясында көптеген іс-шара мен жиындар ұйымдастырылды. Әр жиынның көтерер жүгі бар. Мәселен, Capital markets forum – қапитал нарығы, қор биржасының бола­шағы, қандай да бір жобаларды жүзеге асыруға қаржы көздерін табу секілді мәселелерге арнал­ды. Ал Finance infrastructure forum Еуро­па, Азия, Солтүстік Америка қар­жы орталықтары өкілдерінің ба­сын қосты.


АХҚО басшысы Қайрат Не­матұлы орталық алдағы 10 жылда Азия құрлығындағы қаржы ор­талықтарының алғашқы жиыр­малығына енуді көздеп отыр­ғанын жеткізді. Бұл туралы Ұлт жоспа­рын жүзеге асыруды көз­деген 100 нақты қадамның 70-ші қада­мында да айтылған.

Сөз басында айтқанымыз­дай, Астана қаржы күндері аясында 25 меморандумға қол қойылды. Соның ішінде «Ас­тана» ха­лықа­ралық қаржы ор­талығының Қар­жылық қызмет­терді реттеу ко­митеті (АФСА) Ба­ғалы қағаздар жө­ніндегі ха­лықа­ралық комис­сия­ның кон­сультациялар, ынты­мақтастық және ақпарат алмасу туралы көпжақты түсіністік ту­ралы меморандумын (IOSCO мемо­рандумы) айтуға болады. Бұл құжат қаржылық қызметтерді реттеу саласында АХҚО-ның нор­мативтік базасы капитал на­рық­тарындағы трансшекаралық қаржы қызметі мен ақпараттың құпиялылығын қорғау саласын­дағы ақпарат алмасудың жаһан­дық стандарттарына сәйкес келе­тінін растайды. Өзінің жаңа мүм­кіндіктерімен АФСА нарық­тың тұтастығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында транс­­шекаралық бағалы қағаз­дармен мәмілелерді қадағалауды жүзеге асыруды айтарлықтай кеңейтеді, АХҚО актілері мен ережелеріне сәйкестікті бақы­лауға көмектеседі. АФСА үшін IOSCO меморандумына қол қою жаһандық қор нарығының ажы­рамас бөлігі саналатын және ме­морандумға қол қойған 123 реттеу мекемесімен шека­рааралық қа­дағалау бойынша ынтымақтасуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар АХҚО мен Пусан қаласының Халықаралық қаржы даму орталығы өзара түсі­ністік туралы меморандумға қол қойды. Құжатқа «АХҚО Әкім­ші­лігі» АҚ басқарма төрағасы Нұр­лан Құсайынов пен Пусан қала­сын дамытудың халықаралық қаржы орталығының басшысы Янг Хо Парк қол қойды. Мемо­ран­думның мақсаты – ортақ мүддені білдіретін мәселелерде тараптар арасындағы ынты­мақ­тастық үшін, сондай-ақ екі ор­талықты кеңейту және дамыту үшін ортақ шеңберлерді қамта­масыз ету. Орталықтар семинар­лар мен конференциялар ұйымдас­тыруда, сондай-ақ қызметкерлерді оқыту және кәсіптік даму сала­сында бір-біріне жәрдемдеспек.

Астана қаржы күндері кезінде атап өтер іс-шараның бірі – АХҚО Халықаралық арбитраж­дық орталығының «Арб-Мед» атты жаңа қызметінің іске қосы­луы. Арб-Мед аясында дау тө­реліктің қарауына жіберіледі. Егер тараптар өз дауын төрелікте шешпейтін болса, олар дауды медиация жүргізу жолымен шешуді талап ете алады. Қазіргі таңда арбитраждық орталықта 36 қазақстандық оқудан өтті, олар­ға Лондондағы Дауларды тиім­ді шешу жөніндегі орта­лықтың біліктілік дәрежесі берілген.

Тағы бір айта кетерлігі, АХҚО-ның Астана халықаралық биржасы (AIX) жеке инвесторлар үшін AIX Connect мобильді қосымшасын іске қосты. Бұл қосымша пайдаланушыларға биржаның және AIX тіркелген компаниялардың жаңалық­та­рына, сондай-ақ нақты уақыт режиміндегі сауда-саттық ту­ралы ақпаратқа ыңғайлы әрі же­дел қол жеткізуге мүмкіндік бе­реді. Мобильді қосымша Google Play және Apple Store-да тиісінше Android және ios база­сындағы смартфон пай­дала­ну­шыларына қолжетімді. Қо­сым­шаны әзірлеудің келесі кезеңінде бағалы қағаздардың жеке порт­феліне қолжетімді, аналитика, бағалар туралы хабарландыру және ескерту, сондай-ақ бро­керде қашықтан есепшот ашып тіркелу және онлайн сауда процесі сияқты функцияларды қосу жоспарланып отыр.


Халима БҰҚАРҚЫЗЫ