Шәкіртақы көбеймек
Шәкіртақы көбеймек
5,474
оқылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жастар форумында 2020 жылдың қаңтар айынан бастап университет пен колледж студенттерінің шәкіртақысын 25 пайызға өсіру туралы айтқан болатын. Міне, Шымкент қала­сындағы М.Әуезов атындағы ОҚМУ студенттері алғаш­қы­лардың бірі болып бұл қуанышты жаңалықтың шарапатын көріп бастады. Университеттің «Жастар ор­та­лығына» жиналған шә­кір­тақы иегерлерін универ­ситет ректоры Дария Қожам­жарова құттықтап, жас­­тарға оқуда озат болып, биік бе­лес­терді бағындыруды ті­леді. «Президент тапсырмасы ая­сындағы еліміздегі жоғары оқу орындарының арасынан алғашқы болып бұл тапсырманы жүзеге асырдық. Оқу орнының қар­жылық-экономикалық әлеуе­тін үнемдей отырып, сту­­денттер мен магистрант, док­то­рант­тардың шәкіртақысын 25 пайызға көбейттік. Бүгінгі таңда студенттердің бірқатары бұл қаржыға қол жеткізіп те үл­герді. Қазіргі таңда универ­ситетіміз ең басты мәселені білім сапасына және диплом алған соң жұмыспен қамтылу жа­ғына аса мән беріп отыр. Сондықтан теориямен қатар өндіріске ерекше ден қойылған. Жуырда ашылған өндіріс базасынан студенттеріміз көп нәрсені үйренеді деген ой­да­мыз. Студенттердің әлеуметтік жағдайына мән бергенде ға­на сапалы білім болатынын тү­сі­­неміз», – деді Дария Пернеш­қызы. Ал «Ақпараттық техно­ло­гиялар және энергетика» жо­ғары мектебінің 3-курс студенті Ахмади Отыншиев оқу орнының бұл қамқорлығына ерекше ри­зашылығын білдірді. «Жастар жылының жа­былуы қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының студенттердің шә­кіртақысын 25 пайызға кө­бей­ту туралы жаңалығын ерек­ше қуанышпен қабыл ал­дық. Бұл біз­дің оқуға деген құл­­­шыны­сымыз­ды артты­рып, белсен­ді­­лігіміз­ді күшейтеді. Был­­тырғы шәкірта­қым 20 100 теңге болатын, жақында 26 180 теңге алдым. Біз бұған қуаныш­тымыз», – деді ол. Айта кетейік, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-де оқитын 28 мың жастың 17 мыңы осы жеңілдікке ие болады.   Назгүл НАЗАРБЕК