Сапалы электр желісі тартылды
Сапалы электр желісі тартылды
341
оқылды

Шымкент қаласында электр энергиясымен қамту жұмыстары қарқынды жүруде. Қазіргі таңда Құрсай шағынауданындағы 1 816 тұтынушыға сапалы электр жарығы жеткізілген.

Ал бүгінде қала аумағына ен­ген Тоғыс тұрғын алабының Шат­тық, Тәуелсіздік, Жаңа­құры­лыс көшелеріндегі 990 тұтынушыға сапа­лы электр желісін тарту жұмыс­тары аяқталды.

Шымкент қаласының Энер­ге­тика және коммуналды шаруа­шылық басқармасының мәлі­мет­теріне сүйенсек, электр желісін тарту жұмыстары қала аума­ғын­дағы 11 елдімекен мен шағы­н­ау­дан­да жалғасуда.

Сала мамандарының айтуын­ша, Бозарық шағынауданында салынған жаңа қосалқы станса зор мүмкіндіктерге жол ашпақ.

2013-2014 жылдарға дейін Шымкентте сапалы электр жары­ғымен қамту күрмеуі қиын мәселе болғаны белгілі. Бүгінде қала тұрғындарының сұранысын қамтамасыз ету үшін «Бозарық» қосалқы стансасының құрылысы басталған.

«Қазіргі таңда қала халқы 1 миллион болса, «Бозарық» қо­сал­­қы стансасының 2 миллион­ға дейінгі тұтынушыны сапалы электр жарығымен қамтамасыз етуге қуаты жетеді. Міне сондық­тан қазіргі уақытта шағынау­дандарда жарықтандыру жұмыс­тары қарқын алды, – дейді Нұрлан Жаманкөзов.

Бүгінде қаладағы Бадам ша­ғынауданына қарасты 195-орам­дағы 828 тұтынушыға сапалы электр желісі тартылуда. Ал 5 мыңға жуық тұтынушысы бар «Самал-3» шағынауданы жақын арада жарықтандырылмақ. Бұл бағыттағы жұмыстар «Асар-2», «Тассай» тұрғын алаптарында да бастау алды.


 Е.МҰРАТБЕК, 
Шымкент қаласы