Әділ Ахметов: Империялар жазған тарихтың бәрі – шылғи өтірік
Әділ Ахметов: Империялар жазған тарихтың бәрі – шылғи өтірік
454
оқылды

Белгілі қоғам қайраткері төл тарихымызды қайта жазу жайын қозғады.

Төл тарихымызды көне түркі заманынан бастап қайта жазу жайында қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор Әділ Ахметов «Өз тарихыңа деген мақтаныш пен отаншылдық рух» тақырыбында өткен Аstanatv-ның «Рух» хабарында айтты.

«Рухани жаңғыру санадан басталуы керек. Осы уақытқа дейін жазылған тарихтың бәрі шикілеу болып тұр. Оны несіне жасырамыз? Басыбайлы ел болсаң, тарихыңды басқа біреу жазады. Ол – баяғыдан қалыптасқан дәстүр. Империялар жазады. Еліміз, жеріміз, салт-дәстүріміз, ұлттық құндылықтарымыз болмағандай, 1917 жылдан көзімізді ашқан елдей болып жазылып жүрді ғой. Мұның бәрі шылғи – өтірік. Өйткені, түркі өркениетінің мәдениеті тым тереңде жатыр», – деп Әділ Ахметов көне түркілер өркениетін зерттеп, тарихты қайта жазу мәселесіне тоқталды. Хабардың толық нұсқасын Аstanatv-дан көруге болады.