Шымкент қаласы бойынша МКД Түсіндіру жұмыс басқармасы салықты уақтылы төлеу керектігін ескертеді.
Жалпыға бірдей белгіленген режимде жұмыс істейтін ЖК үшін әлеуметтік салықты есептеу туралы Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті төмендегіні хабарлайды:
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы №120-VI «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 482-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес дара кәсіпкерлер әлеуметтік салық төлеушілер болып табылады.
Салық кодексі 484-бабының 1-тармағына сәйкес төлеушілердің өздерін қоса алғанда, жұмыскерлердің саны оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, дара кәсіпкерлер және жеке практикамен айналысатын адамдар үшін салық салу объектісі болып табылады.
Салық кодексі 485-бабына сәйкес дара кәсіпкерлер және жеке практикамен айналысатын адамдар әлеуметтік салықты республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және төленетін күнге қолданыста болатын АЕК-тің 2 еселенген мөлшерінде өзі үшін және АЕК-тің 1 еселенген мөлшерінде әрбір жұмыскер үшін есептейді. (2019 жылы АЕК – 2525 теңге). Көрсетілген норманың Кодекстің 213-бабына сәйкес, салық төлеушілердің салықтық есептіліктерді ұсынуды тоқтатқан кезең ішіндегі уақытта оларға және 2020 жылдан бастап салықтық есеп беру кезеңінде табыс алмаған тұлғаларға қатысы жоқ.
Салық кодексінің 488-бабының 1-тармағына сәйкес күнтізбелік ай әлеуметтік салықты есептеу үшін салықтық кезең болып табылады.
Осылайша, егер жеке тұлға жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимін қолданса, қызметкеріне жалақы есептеуіне қарамастан, әлеуметтік салық АЕК-тің 1 еселенген мөлшерінде ай сайын төлеу бойынша міндеттеме туындайды.