Жоспар орындалды
Жоспар орындалды
400
оқылды

Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 1-жартыжылдықтағы жұмысын қорытындылап, келесі жартыжылдыққа міндеттерін белгіледі.

2019 жылғы 16 шілдеде Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Нұралхан Көшеровтің төрағалық етуімен департаменттің биылғы 1-жартыжылдық қорытындысы және келесі жартыжылдықта атқарылуы тиіс міндеттер бойынша алқа отырысы өтті. Атаулы жиынға департаменттің басқарма, бөлім басшылары және аумақтық Мемлекеттік кірістер басқармаларының, сондай-ақ кеден бекеттердің басшылары қатысты.   

         Осылайша, 2019 жылдың 1-жартыжылдық қорытындысы бойынша салықтық түсімдер бойынша жергілікті бюджет жоспары 102% орындалды (жоспар 35 млрд 820 млн тг кезінде), яғни 36 млрд 384 млн тг қамтамасыз етілді немесе жоспардан тыс 563 млн тг түсім жасалды.

      

Алқа отырысы барысында департаменттің басқармалары және аудандық құрылымдары басшыларының есебі тыңдалды.

        Отырысты қорытындылай келе, Нұралхан Көшеров қатысушылардың назарын мемлекеттік бюджетті орындау, оның ішінде, әсіресе, камералдық бақылау, жанама салықтарды әкімшілендіру, тойхана бизнесі, сауда ойын-сауық орындары және т.с.с қызметтерді жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлердің салықтары мен төлемдеріне қатысты қойылған барлық міндеттерді орындау бойынша жұмысты күшейту және белсендетуге аударды. Департамент басшысы сонымен қатар, онлайн БКМ қолдану, жұмыс барасында чектерді басып шығару, «Чекті талап ет – сыйлықты ұтып ал!» акциясы және т.б. бойынша жұмысты одан әрі күшейту жөнінде тапсырды.

        Сондай-ақ, департаменттің құрылымдық бөлімшелеріне және аумақтық құрылымдарына жоспарланған іс-шараларды уақытылы және сапалы орындау бойынша тапсырмалар берілді.