Қызылорда облыстық мәслихаттағы Nur Otan партиясы депутаттық фракциясы отырысында партияның алдына қойған жаңа міндеттері талқыланды.
Жиынға фракция жетекшісі И.Құттықожаев, Nur Otan партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Әлназарова, Мәжіліс депутаты Б.Кесебаева, фракция мүшелері мен қалалық фракцияның жетекшісі Ш.Әбдірахманов және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Фракция отырысының күн тәртібінде Қазақстанның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды тұғырнамасы мен Nur Otan партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келгендегі партия алдына қойған міндеттері айтылды.
Nur Otan партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Әлназарова баяндама жасады.
– Қазақстан Президентінің сайлауынан кейін Nur Otan партиясының алдында әлі де халықтың сенімін күшейту жұмыстарын қолға алу қажеттігі айқындалып, басты міндетімізге айналып отыр. Адамға лайықты жағдай жасау, оның құқықтары мен еркіндігін қорғау, жоғары өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету партия жұмысының негізгі басымдықтарына айналып отыр. Сондықтан Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды тұғырнамасын жүзеге асыруда партияның рөлі ерекше, – деді А.Әлназарова.
Ол сонымен қатар халықтың сенімін күшейту мақсатында партия жұмысын түбегейлі қайта қарастырып, мазмұнды жұмыстарды жүргізуді тапсырды. Бұл істе партиялық бақылауды күшейтіп, атқарылған жұмыстарды мәслихаттардағы фракцияларымызда белсенді түрде талқылауымыз қажет екенін айтты.
Фракция отырысында депутаттар және өзге де қатысушылар ойларын ортаға салып, пікір алмасты. Сайлау науқанында кездескен және алдағы уақытта ескеретін проблемалық мәселелерді ескере отырып, фракциямен бірлесіп, бірқатар жұмыстарды атқаруға шақырды.
Отырыс соңында төрағалық етуші И.Құттықожаев фракция отырысын қорытындылап, онда айтылған ұсыныс-пікірлер жинақталып, тиісті орынға ұсынылатынын жеткізді.