Оқулыққа ақша қимаған әкімдер бар
Оқулыққа ақша қимаған әкімдер бар
312
оқылды

Баянауыл ауданы мен Ақсу қаласында оқулық сатып алуға ақша салмаған, бірақ қызметтік тұрғын үйді жөндеуге қаражат қарастырылған. Бұл жөнінде Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов мәслихат депутаттарына есеп беру кезінде айтты.

Бұл жиында әкім мемлекеттік органдар тарапынан бюдет қаржысын ысырап етуге мысал келтірген.

– Баянауыл ауданы мен Ақсу қаласында оқулықтарды сатып алуға ақша салынған жоқ, бірақ қызметтік тұрғын үйді жөндеуге қаражат қарастырылған. Көктөбе ауылындағы Майский ауданында сапасыз жобалар анықталды, жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес негізгі құбырлар жалпы ұзындығы 14 километрге созылған, бірақ шын мәнінде 24 шақырым қажет етеді, суды бұру жұмыстары есепке алынбаған, үйге арналған құбырлар   400 үйге ғана есептелінген, ал ауылда 1083 үй бар.   Мұндай ысырапшылдыққа жол берілмейді. Біз жобаларды іске асыруда түпкілікті нәтижеге қол жеткізуіміз керек, – деді әкім.