Қарағандыда дәрі тапшылығы қолдан жасалған
Қарағандыда дәрі тапшылығы қолдан жасалған
334
оқылды
Әлеуметтік желілерде  аймақтағы емдеу мекемелерінде ем тағайындайтын дәрілер мүлдем таусылған деген қауесет тарады. Осыған орай, «Nur Otan» партиясының Төрағасы, Елбасының тапсырмасына сәйкес, Қарағанды қаласы  Қазыбек би атындағы ауданның партия филиалы партиялық бақылау комиссиясының жұмыс тобы қаладағы дәріханаларға рейд жүргізді. Партиялық бақылау комис­сиясы төрағасы В.Ушаков, ПК мүшесі Ж.Камали,  аудандық партия филиалы төрағасының орынбасары  А.Бектуровалар қала дәріханаларындағы дәрі-дәрмек тапшылығын тексерді.  Рейдте COVID-2019 пандемиясы кезінде сауда саласындағы әріптестік туралы бітімге кел­ген меморандумды сақтау та­лаптарын анықтады.   Сондай-ақ партиялықтар карантин кезінде санитарлық норма талаптарының сақталу барысын көзбен көріп қайтты. Мониторинг барысында қауіп­­сіздік талаптарының бүзыл­мағаны анықталды. Дегенмен дәріханаларда  ингавирин, ази­тромицин, лидокаин, парацетамол мен басқа да қабынуға, вирусқа қарсы препараттар мен  гра­дусниктер сатылымда жоқ болып шықты. Дәріхана қызметкерлерінің айтуынша6 препараттар жет­кізілмеген, жақын уақытта күті­луде. Осыған орай, облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев онлайн-брифинг өткізіп, өңірдегі  эпиджағдай туралы баяндады. Брифингте сала басшысы об­лыста дәрі тапшылығы жоқ деп мәлімдеді. – Әкімдікте дәріханалар жүйесі иелерімен кездесу өтті. Олар қоймада барлық дәрілер  қажетті көлемде деп сендірді. Жақын арада дәріханалар сөресіне  парацетамол, градусниктер мен суыққа қарсы  препараттар түседі. Сондай-ақ, аймақтағы барлық емханаларда дәрілер жеткілікті. Ешқандай дефицит жоқ. Коронавирус  инфекциясын емдейтін барлық дәрі бар, – деді Ержан Нұрлыбаев. Қарағанды облысы Сапаны бақылау және тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігі де­партаменті РМБ басшысының орынбасары Фарида Макеева да облыстың бас дәрігерінің сөзін растады. Мамандардың айтуынша, облыста бұл  дүрбелең қолдан жасалған. Тұрғындар дәрі-дәрмектерді көптеп сатып алуда. Сол себепті дәріханаларда сөрелер босап қалып жатыр. – Бүгінде халық арасында негізсіз дүрлігу пайда болды. Тұрғындар қолдарына түс­кен барлық дәріні сатып алуда. Әлеуметтік желілерде антибиотиктер мен вирусқа қарсы дәрілермен емделгені туралы жалған, нақты емес  ақпараттар көбейді. Осыған сенген адамдар ол дәрілерді қажеттілігі болмаса да көптеп алған. Мұндай фейк ақпараттар халықты адас­тырады. Бізде тапшылық жоқ.  Біздің дәріханаларға дәрі жеткізетін дистрибьюторлар, жоспарлы түрде, келісімшартқа сәйкес, барлық препараттарды тасымалдауда, – деді санитар.  

Ләззат ҚОЖАХМЕТОВА, Қарағанды облысы