COVID: Әлемде 17 вакцина сынақтан өткізіліп жатыр
COVID: Әлемде 17 вакцина сынақтан өткізіліп жатыр
371
оқылды
Қазіргі уақытта әлемде коронавирусқа қарсы 17 вакцина адамдарға салынып, сынақтан өткізіліп жатыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, сынақтан өткізіліп жатқан вакциналардың әрқайсысы әртүрлі кезеңде, деп хабарлады DW.
«Қазіргі уақытта Оксфорд университеті әзірлеген AZD1222 вакциянасы ең перспективалы вакцина болып табылады. Ол клиникалық сынақтардың үшінші кезеңіне бірінші болып кірді, яғни оның қауіпсіздігін анықтау үшін ол көптеген адамға салынды», - делінген ДДСҰ хабарламасында.
Тағы бес ықтимал вакцина сынақтың екінші кезеңінде, яғни олар белгілі бір аурулары бар аздаған адамға салынып жатыр. Ал сынақтың бірінші кезеңінде вакциналар сау адамдарға салынып, тексеріледі. Ғалымдар жылдың соңына дейін қандай да бір вакцинаның қолжетімді болатын-болмайтынын болжай алмай отыр. Әдетте вакцина жасау үшін 10-15 жыл қажет. Бұған дейін ДДСҰ әлемде COVID-ке қарсы 141 вакцина жасалып жатқанын хабарлаған еді.