Өнім көлемі артты
Өнім көлемі артты
5,478
оқылды

Биыл «ҚазТрансОйлдың» 1 жартыжылда өнім өндіру көлемі артқан. Мұнайдың жүк айналымы 22 млрд 898 млн тонна/км болған. Былтырмен салыстырғанда 55 млн тонн/км-ге көп.

«ҚазТрансОйл» магистральды мұнай құбырлары жүйесі бойынша жеке мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдау жалпы көлемі 22 млн 198 мың тоннаны құрады (былтырға қарағанда 229 мың тоннаға аз). «ҚазТрансОйл» АҚ ММҚ жүйесі бойынша жеке мұнай жүк айналымы 18 млрд 871 млн тонна километрді құрады (ол 2018 жылғы деңгейден 55 млн тонна-километрге көп).

«ҚазТрансОйл» АҚ Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауыттарына мұнай тасымалдау көлемі өткен жылмен салыстырғанда 500 мың тоннаға өсті.

ҚазТрансОйл» АҚ магистральды мұнай құбырлары жүйесі бойынша Қазақстандағы мұнай өңдеу зауыттарына 8 млн 180 мың. тонн мұнай жеткізілді (бұл 500 мың тоннаға көп), соның ішінде:

         АМӨЗ-ге – 2 млн 681 мың тонна

         ПҚОП-қа – 2 млн 648 мың тонна

         ПМӨЗ-ге – 2 млн 479 мың тонна

         АПМЗ базасындағы Битум зауытына – 373 мың тонна

Биыл өткен жылмен салыстырғанда «Атырау-Самара» мұнай құбыры «Өзен-Атырау-Самара» учаскелері бойынша 367 мың тоннаға азайып, 7 млн 233 мың тонна болды.

ТОН-2 мұнай құбырының қазақстандық учаскесі бойынша мұнай тасымалының көлемі - 5 млн 411 мың тонна (57 мың тоннаға аз).

«Атасу-Алашаңқай» мұнай құбырына мұнайды ауыстырып құю көлемі 5 млн 548 мың КҚТ-К магистарльды мұнай құбырында 839 мың тоннаны құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 179 мың және 59 мың тоннаға кемігенін көрсетеді.

«ҚазТрансОйл» АҚ қуатын пайдаланып Ақтау кемежайында танкерлерге мұнай құю 1 млн тонна құрады бұл 2 мың тоннаға көп.

«Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС мұнай құбырлары жүйесі бойынша мұнай тасымалдау көлемі 8 млн 88 мың тоннаны құрады (360 мың тоннаға көп). Жүк айналым 7 млрд 322 млн тонна км жетті (129 млн тонна/км көп).

«Мұнайтас» ЖШС мұнай құбыры бойынша мұнай тасымалдау көлемі 1 млн 744 мың тоннаны құрады (371 мың тоннаға аз). Жүк айналымы 717 млн тонна/км құрады (127 млн тонна/км аз).

«Батуми мұнай терминалы» ЖШС «Petrotrans LTD» топтар компаниясында мұнай мен мұнай өнімдерін ауыстырып құю 489 мың тоннаны құрады (133 мың тоннаға аз).

Қазақстанның Атырау мен Маңғыстау облыстарының «Астрахан-Маңғышлақ» су таратқышы арқылы су тұтынушыларына «Магистральды су таратқышы» ЖШС арқылы 14 млн 25 мың текше метр су берілді (2018 жылғы 1 жарты жылдықпен салыстырғанда 219 мың текше метр суға көп).