Қостанайлық полицейлер «Жолдағы қабылдау» акциясын ұйымдастырды
Қостанайлық полицейлер «Жолдағы қабылдау» акциясын ұйымдастырды
346
оқылды

Қостанай облысының орталығында «Жолдағы қабылдау» республикалық акциясының кезекті кезеңі өтіп жатыр. Бұл туралы Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Полиция қызметінің ашықтығының арқасында қала тұрғындары көкейтесті сұрақтарын қоя алады. Сұрақтардың басым көпшілігі көші-қон мен жол қозғалысы ережелеріне қатысты. Азаматтарды облыстық ПД бастықтары қабылдады. Бұл жолы акция Абай даңғылы бойындағы «Астықжан» сауда орталығы маңында жалғасты.

Акция осы жылы төртінші рет өткізіліп отыр, халықпен тығыз жұмыс істеу өз нәтижесін беруде. Тұрғындар тарапынан келіп түскен ұсыныстарды қабылдай отырып, қаладағы тәртіп, атап айтқанда жол қозғалысы ережелерін сақтау жақсарды.

Мысалы, 2019 жылдың 6 айында Қостанай облысының аумағында ЖКО 7,1% - ға, сондай-ақ қаза болғандардың саны 5%-ға төмендеген. Жол қозғалысы қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында 2019 жылы 7 жедел-профилактикалық іс-шаралар мен акциялар ұйымдастырылды. «Қауіпсіз жол», «Назар аударыңыз, жаяу жүргінші!», «Автобус» және «Жолдағы қабылдау» акциялары Қостанай көшелеріндегі тәртіп мәселесі мен қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

«Жолда қабылдау» акциясында полиция көмегіне 100-ден астам адам жүгінді. Сондай-ақ, азаматтарды қабылдау полиция департаментінің «Инстаграм», «Фейсбук» әлеуметтік желілерінде тікелей эфирде көрсетілді. Әлеуметтік желі пайдаланушылар тікелей эфирде өз сұрақтарын қойып, кеңестер мен нақты жауаптар алды. Қазіргі уақытта тікелей эфирде 600-ге жуық желі пайдаланушысы қосылып, 30-дан астам сұрақ қойылды.