Ақылы жолдардың саны артады
Ақылы жолдардың саны артады
373
оқылды

Алдағы 2-3 жылда еліміздегі ақылы жолдар аумағы 32 бағытқа артып, жалпы ұзындығы 11 мың шақырымға жетеді.

Шлагбаумдар орнатылмайтын бұл жолдармен жүру үшін жүргізушілер электронды жолмен алдын ала төлем жасай алады. Көлік тізгіндегендер үшін төлемнің осы түрі ыңғайлы болмақ. Өйткені қолма-қол төлесеңіз екі есе шығындаласыз.

–Ақылы жолдарды енгізудің негізгі мақсаты – республикалық бюджетке түсетін жүктемені азайту яғни ақылы жолдар мемлекеттік бюджеттен қаражат сұрамайды. Олар өздерін қаражатпен толық қамтамасыз етеді. Жиналған қаражаттың барлығы ақылы учаскелерді күтіп ұстауға, жол белгілерін салуға, қардан тазалауға жұмсалады, – дейді «ҚазАвтоЖол» АҚ Ақылы жолдар дирекциясы филиалының директоры Асхат Оқасов.

       Қазір елімізде төрт бағыт бойынша ақылы жол бар. Олар: Нұр-Сұлтан – Щучинск, Нұр-Сұлтан – Теміртау, Алматы – Қапшағай және Алматы – Қорғас кеден бекеті бағыттары.

 Эльмира ЖАҚСЫБАЙҚЫЗЫ