«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалары аясында Алматы облысы Кеген ауданы Қайқы асуында Қалыбек батыр мемориалдық кешені ашылды.
Салтанатты шараға Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай және аймақтардан арнайы қонақтар келді.
Ескерткіштің ашылу рәсіміне орай Алматы облысы әкімінің орынбасары Ақан Әбдуәлі арнау айтты. Келгендер баяндама жасап, құттықтау сөз сөйледі. Ақындар жырдан шашу шашты. Мұхтар Әуезов театрының артистері сахналық қойылым қойды. Күйші Композитор Ермұрат Үсеновтың «Қалыбек батыр» күйі елдің рухын бір серпілтіп тастады.
Қарқара жайлауында батырға арнап ас берілді. Ат бәйге, қыз қуудан жарыс өтті. Жауырыны жер иіскемеген балуандар бозкілемде белдессе, Қазақстанға белгілі өнер қайраткерлері мен жергілікті өнерпаздар өнер көрсетті.
Аспан таулардың аясында, Қарқара жайлауында Алты алаштың басын қосқан Қалыбек батырдың асы Қазақстанның жаңа заман тарихында алтын әріптермен жазылатын, ұлт пен ұрпаққа өнеге игі іс болды.