Ертеңнен бастап бірнеше бағыттағы жолаушылар пойызы тоқтатылады
Ертеңнен бастап бірнеше бағыттағы жолаушылар пойызы тоқтатылады
фото: ашық дереккөз
353
оқылды
5 шілдеден бастап елімізде бірқатар бағытта жолаушылар пойызының қозғалысына шектеу қойылады. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директорының міндетін атқарушы Асылхан Қалдыкөзов айтты. «ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің келісімімен осы жылдың 5 шілдесінен бастап Алматы-Сарыағаш бағытындағы пойыз уақытша тоқтайды. Әлеуметтік маңызы бар бірнеше пойыздың қозғалыс жиілігі қысқартылады. Олар Нұр-Сұлтан-Алматы, Алматы-Павлодар, Нұр-Сұлтан-Өскемен және Нұр-Сұлтан-Достық», - деді Асылхан Қалдыкөзов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында. Қозғалысы тоқтатылған пойыздарға ертерек билет сатып алған жолаушылар ақшаларын толық көлемде қайтарып ала алады. Сонымен қатар өзге балама пойыздарға да билет алуларына болады. Сонымен қатар ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, 3 шілдеден бастап 22 бағдар бойынша қаламаңы жолаушылар пойыздарының қозғалысы уақытша тоқтатылып отыр. Бұған қоса, жолаушылар пойыздарындағы жалпы вагондар және Тальгоның 6 пойызындағы отырып баратын вагондар жабылады.