Қазақстандықтарға коронавирусқа қарсы жаппай вакцина сала ма?
Қазақстандықтарға коронавирусқа қарсы жаппай вакцина сала ма?
фото: elements.envato.com
5,309
оқылды
Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарды коронавирусқа қарсы вакцинациялау бойынша алдын-ала жоспарын бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Ведомство өкілі вакцинация тәуекел тобына жататын, яғни, 65 жастан асқан адамдар - жүрек-қан тамырлары жүйесі, қант диабеті және өкпенің созылмалы обструктивті ауруы бар адамдар мен медицина қызметкерлеріне бірінші болатынын айтты. Шамамен 2 347 000 адамға вакцина есептеліп отыр. Сонымен қатар, нақты жоспарлау вакцинаны әзірлеу мен клиникалық сынақ аяқталғаннан кейін және препараттың бағасы анықталған соң басталады. Қазіргі уақытта вакцина дайын емес, бағасы да айқындалмаған.