#Birge акциясы – елді өркендетудің кілті

#Birge акциясы – елді өркендетудің кілті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен құрылған #Birge жалпыұлттық акциясы аясында халықты қандай мәселелер толғандыратынын білу арқылы нақты бағдарла­малар түзілді. Акция кезінде түрлі сала бойынша өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылды. Соның ішінде халықты әлеуметтік қамтамасыз ету, аймақтарды дамыту жайы назардан тыс қалған емес.

Ел тұрғындары акция шең­берінде бюджет саласы қыз­меткерлерінің жалақысын кө­бейту, дәрігерлер мен ұс­­­таз­дар­дың мәртебесін арт­тыру, білім беру мен денсаулық сақ­тау саласындағы қызмет сапа­сын көтеру мәселелеріне ерек­ше назар аудару керек еке­нін айтып, әр мәселе оңтайлы шешімін табатынына сенім білдірді.

Nur Otan партиясы бастаған #Birge акциясында қазақстан­дықтардан 500 мыңға жуық өтініш келіп түскен. Бұл туралы партия хатшысы Фархад Қуан­ғанов мәлімдеген болатын. Оның сөзінше, өңірлер ара­сында бірінші күннен бастап Алматы, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстарының тұрғындары ең көп белсенділік танытыпты. Сондай-ақ Сол­түстік Қазақстан, Павлодар, Ақтөбе және Қызылорда об­лыстары мен Нұр-Сұлтан қала­сынан 30 мыңнан астам өтініш келіп түскен.

Қазақстандықтардың ең көп пікірлерін, ойлары мен ұсы­ныстарын жинаған бағыт­тар­дың бірі – ауыл шаруашылығы мен аграрлық сала болды. Бұл бағытта акция кезінде азамат­тардан мыңға жуық ұсыныс келді. Қуантарлығы қазіргі таң­да ауылдың дамуына ерекше назар аударылуда. Оның ішінде ауыл инфрақұрылымын жаң­ғырту мәселелері де бар. Атап айтқанда, жергілікті маңызы бар жолдарды, тіршілікті қам­тамасыз ету жүйелерді, байла­нысты, Интернетті, әлеуметтік-мәдени нысандарды жақсарту қолға алынып жатыр.

#Birge акциясының кезінде қазақстандықтар түрлі өзекті мәселені көтерген. Әсіресе, жұр­шылықты әлеуметтік кепіл­деме, білім беру жүйесін жетіл­діру, ТҮКШ мен баспана мәсе­лелерін шешу, шағын-орта бизнесті дамыту, көлік және ин­фрақұрылым жайы толған­дырады екен. Бұл ретте, әсіресе, шағын-орта бизнес саласы өкілдерінің ерекше белсенділік танытып отырғанын айта кет­кен жөн. Бұлардың ішіне салық жүйесіне өзгерістер енгізу, туристік нысандар салу мен зауыт құрылыстарын жүргізу сынды ауқымды жұмыстар енді. Сонымен қатар өтініш-тілек­терін жолдаушылар арасында негізінен сапалы медициналық қызмет, дәрі-дәрмекпен қамту және емдеу мекемелерін зама­науи қондырғылармен жаб­дықтау, дәрі-дәрмектің бағасын біріздендіру секілді мәселелер көтерілген.

Жалпы, акция аясында бір­неше өзекті мәселені жылдам әрі жүйелі түрде шешу жос­парланды. Акцияға қатысу­шылардың көпшілігі көпбалалы аналар мен әлеуметтік аз қам­тылған отбасылардың басында кездесетін қиыншылықтар ту­ралы айтты. Сондай-ақ #Birge акциясына жолданған мүге­дектердің құқықтары мен олар­дың мүдделерін қорғауға қатысты айтылған ұсыныстар­дың да маңызы зор. Өйткені мүгедектердің жайлы өмір сүруі мен жүріп-тұруы үшін қолайлы жағдайды қамтамасыз ету қашанда әлеуметтік саланың басты міндеті саналған.

#Birge акциясына қатысу­шылар іс-шара барысында жем­қорлыққа қарсы жаңа міндеттер ұсынды. Өтініштерге жүргізілген талдау көрсет­кендей, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Қазақстанның барлық облысының тұрғында­рын толғандырады. Жемқор­лықтың мемлекет пен қоғам­ның дамуы үшін қаншалықты кері әсері бар екені анық. Сон­дықтан онымен күрес жүргізу біз үшін өте маңызды.

Nur Otan партиясы бастаған #Birge акциясында қазақстан­дықтардан 500 мыңға жуық өтініш келіп түскен. Бұл туралы партия хатшысы Фархад Қуан­ғанов мәлімдеген болатын. Оның сөзінше, өңірлер ара­сында бірінші күннен бастап Алматы, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстарының тұрғындары ең көп белсенділік танытыпты. Сондай-ақ Сол­түстік Қазақстан, Павлодар, Ақтөбе және Қызылорда об­лыстары мен Нұр-Сұлтан қала­сынан 30 мыңнан астам өтініш келіп түскен. 


Спорттық және денешы­нықтыру-сауықтыру кешендері халықтың денсаулығы үшін ауадай қажет. Акция барысында келіп түскен ұсыныстың көп­шілігінде шалғайдағы елді­мекендерде спорт нысандарын салу керектігі айтылды. Ұсы­ныстар көбінесе шағын қалалар мен шалғайдағы ауылдардың тұрғындарынан түсуде. Оның біріншіден, саламатты өмір салтын қалыптастыруда маңы­зы зор. Дені сау ұлт бәсекеге қабілетті болады. Сондықтан Елбасының Мәдениет және спорт министрлігінің алдына қойған басты міндеттерінің бірі – халықтың денешы­нықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылдану көрсеткішін 30%-ға жеткізу. Екіншіден, саламатты өмір салты өлім-жітім көрсеткішін азайтуға, өмір сүру жасын ұлғайтуға септігін тигізеді. Үшіншіден, демографиялық жағдайды едәуір жақсартып, халық санын көбейтуге ықпал етеді. Соның ішінде, денсаулық сақтау сала­сының жас ұрпақтың репродук­тивті денсаулығына ерекше көңіл бөлу керектігін ескерген жөн.

Акцияға қатысушылар ара­сында ғылым және білім сала­сының өкілдері де аз болған жоқ. Халық еліміздің эконо­микасындағы оң өзгерістердің локомотиві ретінде ғылымды одан ары дамытуды қолдайды. Олар сонымен қатар ғылыми саланы дамытуды мемлекеттік ынталандыру жолдарын бел­сенді түрде ұсынуда.

Қорыта айтқанда, #Birge акциясы күшіне енген уақыттан бастап қазірге дейін елдегі түйткілді мәселелер кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғаса беретін болады.

Nur Otan партиясының хат­шысы Илья Теренченко ха­лықтың игілігі үшін әлеуметтік жобаларды қолдау әрдайым назарда болатынын айтты.

– Біз кез келген мәселені жаңаша ойлау, сұранысқа сай екенін ескере отырып тез арада шешімін табуға ықпал етеміз. Кез келген мәселенің шешімі бар. Елдің әлеуметтік мәселесін шұғыл шешуде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа заманның мүмкіндіктеріне, жетістіктеріне ерекше мән беруде. Атап айтқанда, қазір әлеуметтік желі, түрлі мобиль­дік қосымшалардың көмегімен халықтың мұң-мұқтажын жет­кізуге мүмкіндік көп. Ол өз кезегінде мәселенің тез арада шешілуіне ықпал етеді. Қазір қоғам жылдамдықты талап етеді. Заман талабына сай жаңа мүмкіндіктердің игілігін пай­далануымыз керек. Акция ке­зінде ұсынылған, жолданған өтініштер жерде қалмайды. Әлі де жақсы ұсыныстарды қарап, талқылау үшін мемлекеттік органдарға жолдаймыз. Ел­дімекендерді абаттандыру мен инфрақұрылым мәселелері қаралып, өңірлерді дамыту бағдарламалары белсенді түрде жүзеге асырыла береді, – деді партия хатшысы.

Бұл орайда айтпағымыз, жаңа­шылдық, тың ойлар, нақты мақсат – елді өркен­детудің басты кілті саналады. Ал #Birge жалпыұлттық ак­циясы – бұл мемлекетіміздің болашағы туралы сіз бен біздің ортақ көзқарасымыз. Бұл рес­публикамыздың әрбір тұрғы­нына ойын жеткізуге жасалған мүмкіндік. Бұл әрбір азаматтың пікіріне құлақ асу. Олай болса, ел игілігіне айнал­ған #Birge жал­пыұлттық ак­циясы бойын­ша дамудың жаңа кезеңінде Қазақстанның ал­дында тұрған басым бағыттарды бірге айқын­дайық.


Әбілмансұр ЖАСАН