Әскерилер өз ісін жақсы біледі
Әскерилер өз ісін жақсы біледі
306
оқылды

«Танымал әскери сарапшы, Қырғыз Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының экс-бастығы Жаныбек Капаров Арыстағы оқ-дәрілер қоймаларындағы жарылысқа қатысты пікір білдірді» деп хабарлайды CApress интернет порталы.

«Бүкіл Қырғызстан қайғыға ортақтасып, Арыс қаласындағы жағдайды бақылап отыр. Бүкіл ғұмырымды қызмет етуге сарп еткен әскери адам ретінде Қазақ­стан билігі жағдайға төтеп беріп, халық тарапынан зардап шеккен­дер­дің көп болмауына ықпал етті. Барлық шаралар уақытылы қа­был­­­данды. Оқиға орнына Пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқаев­тың өзі келді. Салдарды жою процесін бақылауды Қорға­ныс министрі өз мойнына алды. Олардың іс-әре­кеттерін оң жағынан атап өтуге болады», – дейді сарапшы.

Жаныбек Капаровтың ай­туын­ша, мұндай төтенше жағ­дайдың туындауы әлемнің бүкіл армиясында орын алуы ықтимал.  

«Қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сақтауды ұйымдастыру – өте күрделі процесс. Арсеналдардағы, қоймалар немесе зауыттардағы оқ-дәрілердің жарылысы таяу арада Ресейде, Украинада орын алған болатын. Тіпті, батыс мем­ле­­кеттерінде де мұндай жағдай­лар тіркелген. Әрине, осындай төтенше жағдайға жол бермеу керек. Дегенмен мұндай жағдай орын алса, ел билігі зардап шек­кендердің санын азайтуға және оқиғаның бақылаудан шығып кетпеуіне жол бермеуі үшін барын­ша күш-жігерін жұмсауы қажет. Қорғаныс министрлігінің басшылығы осы жағдайды тежеді», – деді Қырғызстан Бас штабының экс-бастығы.

Әскери арсеналдар мен оқ-дәрілерді сақтау қоймаларындағы төтенше жағдайдың негізгі себептері – жоғары температура­ның салдарынан өздігінен тұтану, өртке қарсы қауіпсіздік шарала­рының бұзылуы, оқ-дәрілерді сақтау талаптарының бұзылуы, немқұрайлылық, адами фактор, диверсия. Алайда қоймалардағы өрттің туындау себептері туралы жорамалдаудан сарапшы бас тартты.

«Әзірге, менің ойымша, бұл тура­лы айту ерте сияқты. Оқиғаның шынайы себептерін айқындайтын арнайы комиссия құрылды. Қалғаны – жергілікті тұрғындардың бос сөздері. Олар әуесқойлығына қарамастан, орын алған оқиғадан өздерін барынша көрсеткілері, яғни ұпай жинағылары келді. Жағымсыз пікір, жалған ақпарат таратып, халықты дүрліктіруде. Оқиға салдарын жою процесі жүруде және айрықша пиарды қажет етпейді. Әскерилер өз ісін жақсы біледі», – деп сарапшы ойын толықтырды.

Жаныбек Капаров болашақта мұн­дай төтенше жағдайды бол­дыр­мау туралы пікірін білдірді.

«Бұл – өте күрделі мәселе. Менің ойымша, негізгі проблема әскери арсеналдар мен қоймалар­дың халық тұратын елдімекен­дердің жақын орналасуында болып отыр. Бірақ Арыста арсе­нал әу бастан елдімекенде орна­ласпаған. Бұл жерге кейіні­рек азаматтар шоғырлана бастады. Шын мәнісінде бұл әскерилердің кінәсі емес. Себебі, нысандарға іргелес орналасқан аумақтар қор­ғаныс ведомство­сының иелі­гіне жатпайды. Жер телімдерін бөлу­мен әскерилер емес, жергі­лікті муни­ципалитет айналысады. Олар бұл жағдайға еш әсер ете ал­майды», – деді Жаныбек Капа­ров.


таб