«Қартаюға» қызықпаңыз
«Қартаюға» қызықпаңыз
306
оқылды

Күн сайын желіге кірмесе басы ауырып, балтыры сыздайтын жұрт онда пайда болған жаңа үрдістерді де жылдам игеріп һәм пайдаланып отырады. Аса бір пайдасы жоқ болса да. Соның бірі – ресейлік компания жасап шығарған FaceApp сервисі. Ол бар болғаны фотоңыздағы түріңізді қартайтып береді. Оған мәз болып күлесіз. Өзгелер лайк басады. Болғаны сол.

Жоба авторы ресейлік Ярос­лав Гончаров Wireless Lab компаниясын 2014 жылы құрып, FaceApp-ты жетілдіруге сегіз айын сарп еткен. Дерек­терді жинаудың ең ірі плат­фор­масы саналатын, мобилді нарықтағы мәліметтер жеткізу­ші – App Annie анали­тикалық компаниясының зерттеуіне сүйенсек, қартайтуды қатыра­тын сервис соңғы 10 күннің ішінде-ақ 1 миллион доллардан астам пайда тапқан. 9-19 шілде аралығында пайдаланушылар бұл мобилді қосымшаны смарт­фондарына 6,5 миллион мәрте орнатқан. «Әсіресе, Apple қолданушылары 746 мың доллар пайда әкелген. FaceApp фильтрлерін пайдалану тегін, алайда қосымшадағы жарна­маны өшіру, арнайы белгіні алып тастау және қосымша фильтрлерге қол жеткізу үшін ақылы нұсқасын сатып алуға тура келеді» деп жазады басы­лым. Қосымша аз уақыттың ішінде әлем бойынша үлкен танымалды­лыққа ие болып, ең көп жүктелген бағдарламалар­дың көшін бастап шыға келген.

Алайда АҚШ демократия­лық партиясының лидері Чак Шумер аталған мобилді қосым­шаны аса қауіпті деп бағалапты. Ол тіпті бұл жайын­да Федерал­дық тергеу бюросына хат жол­дап, арнайы шара қабылдауын сұраған. «FaceApp пайдалану­шы­ның фотосын өзгерту үшін жасанды инте­л­лект­ті пайда­ланады. Адамдар қосымшаны қолдану үшін өзінің жеке фотография­лары мен жеке мәліметтеріне деген мүмкіндікті ашып береді. Қосымшадағы кез келген фотография келешекте пайда­ланушының келісімінсіз қолданылуы мү­м­кін» делінген сенатор­дың хатын­да.


Осы қосымша­ның нағыз авторы Ярос­лав Гончаров сурет­терді құбылту үшін ней­ро­жүйелерді қолда­нылатынын жасыр­маған. Ша­ғын мақа­ла­мыз­ды жазу барысында осы ойымызды нақтылай түсетін тағы бір дерекке кез болдық. «Көңіл көтеру ме, әлде із кесу ме: «қартаюға» құмар пайдаланушылар қандай тәуекелге бас тігіп жатыр» атты мақаласында Анна Коваленко FaceApp сырын барынша ашуға тырысыпты. «FaceApp, басқа да кез келген қосымша­лар секілді сіздің фотоңызды және оның нәтижесін үшінші тұлғаларға сата алады, мәселен құқық қорғау органдарына немесе тұлғаларды тану бойынша мемлекеттік немесе коммерциялық жүйедегі дерек­қорларды құрастыру базасына. FaceApp келісім­шар­тында, пайдалану­шы өзінің ақпаратты беру, пайда­лану және жариялауға келісе­тінін мәлімдейді. Дегенмен бұл кез келген осындай қызмет­терге арналған келісімдер үшін стандартты ереже. Келісімде сондай-ақ қолданба пайда­лану­шының орналасқан жері туралы деректерді, оның шолу тарихын, веб-беттерге кіргенін қадағалап, ол туралы кеңей­тілген пара­метр­­лер­ді жи­нақ­­тайды. «Бұл заттар пай­да­ланушы деректерін үшінші тараптарға, ең болмағанда жарнама серіктестеріне беру немесе сату мүмкіндігінің дәле­лі» деп жазады mashable.com сайты» делінген мате­риал­да.

«FaceApp пайдалану­шы­ның фотосын өзгерту үшін жасанды инте­л­лект­ті пайда­ланады. Адамдар қосымшаны қолдану үшін өзінің жеке фотография­лары мен жеке мәліметтеріне деген мүмкіндікті ашып береді. Қосымшадағы кез келген фотография келешекте пайда­ланушының келісімінсіз қолданылуы мү­м­кін» делінген сенатор­дың хатын­да. 

Қазақ «жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды» деп бекерге пәлсапа соқпаса керек. Әлемдегі ең аяулы әрі ең қым­бат нәрсе – ақпарат пен дерек екенін ескеру маңызды болмақ. Қазір кез келген компания ақпарат үшін арпалысқа түсіп жатыр. Сол үшін түрлі амал-айла мен пайдаланушыны еліктіріп әкетер бағдарламалар ойлап табуда. Адам біткенді жаппай «қартайтып» жатқан FaceApp та соның бірі секілді.