Гүлшара Әбдіқалықова: Шетелдік жұмысшылармен жанжал болмау үшін заң қабылданады
Гүлшара Әбдіқалықова: Шетелдік жұмысшылармен жанжал болмау үшін заң қабылданады
412
оқылды

Жұмыс берушілердің міндеттері мен жауапкершілігін нақтылайтын заң жобасы әзірленеді.

Премьер-министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова Үкімет отырысында шетелдіктер жұмыс істейтін компанияларда шиеленіс болдырмайтын жаңа заңның дайындалып жатқанын мәлім етті.

– Мемлекет басшысы шетел компаниялары қызметкерлерінің еңбек жағдайы мен еңбекақы мәселесіне ерекше назар аударды. Бүгінгі таңда қызметкерлерге тең еңбек жағдайын жасау, еңбекті қорғауды басқарудың заманауи жүйесін енгізу бойынша жұмыс берушілердің міндеттері мен жауапкершілігін бекітуді көздейтін заң жобасы әзірленді, құжат жақын арада Парламенттің талқылауына жіберіледі, – деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Оның айтуынша, кейбір кәсіпорындарға тексеру жүргізу жоспарланған. Оның қорытындысына сәйкес, заңнамалық актілерді жетілдіру бойынша кешенді ұсыныстар әзірленеді.