Борышкердің жауапкершілігі күшейеді

Борышкердің жауапкершілігі күшейеді

Қазақстан Республикасының «Оңалту және банкроттық туралы» заңының 1-бабының 25-тармақшасына сәйкес, Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті – оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті орган.

Қазақстан Республикасының «Оңалту және банкроттық туралы» Заңында, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының «Оңалту және банкроттық туралы» заңының 88-бабының 2-тармағының 3-тармақшасына сәйкес, банкроттық туралы істі қозғау және кредиторлардың талаптарды мәлімдеу тәртібі туралы мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпараттық хабарландыруларды уақытша басқарушыны тағайындау туралы сот ұйғарымы шығарылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде уәкілетті органның www.shymkent.kgd.gov.kz    интернет-ресурсына орналастырылады.

Бұл ретте, биыл 25 маусымынан бастап банкроттық  туралы іс қозғалғаны және кредиторлар талаптарының арызын уақытша басқарушыға табыстау тәртібі туралы жарияланған борышкерлер төмендегідей:

 

Борышкердің атауы

Уақытша басқарушыны тағайындаған күн

Уақытша басқарушының  аты-жөні

Уақытша басқарушымен кредиторлар талаптарын  қабылдау мерзімі

Талаптар қабылдайтын мекен-жайы

Уақытша басқарушысының хабарласатын мәліметтер (сымтетік, электрондық пошта)

дан

дейін

 "СДТ ГРОУП" ("SDT GROUP")   ЖШС

25.06.2019

Зияев Сардор

28.06.2019

28.07.2019

Шымкент қ. , Төлеби к..,39/А

77019900016

"Пассат Инк"   ЖШС

26.06.2019

Сатыбалдиев Ерлан

01.07.2019

01.08.2019

Шымкент қ. , Солтүстік Батыс м.а., Ақ жол  к.., 2237 уч.

77754746274

"ПромЭнергосервис СВ" ЖШС

01.07.2019

Сатыбалдиев Ерлан

04.07.2019

03.08.2019

Шымкент қ.,  Менделеев көшесі, 60

77754746274

"AlexTrade" ЖШС

04.07.2019

Таханов Нурлан

09.07.2019

09.08.2019

Шымкент қаласы,  ТЕАТР көшесі, үй 31

77017339732

"Микрокредитная организация "ФРМП-Инвест" ЖШС

10.07.2019

Аманкулов Орынбасар

11.07.2019

11.08.2019

Шымкент қ,  Темирлановская к, 62

77779185017

"IMPEX Line" ЖШС

 

12.07.2019

 

Абылова Людмила

15.07.2019

15.08.2019

Шымкент қ, Елшибек батыра к, 88

 

77017205432

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі  «Кредиторлар талаптары тiзiлiмiнің нысандарын, оны қалыптастыру қағидалары мен мерзімін бекiту туралы» № 762 Қаулысына сәйкес,  кредиторлардың талаптарды мәлімдеу тәртібі туралы хабарлама жарияланған сәттен бастап бір айдан кешіктірілмейтін мерзімде мәлімделуі және хабарландыруда көрсетілген мекенжайға жіберілуі тиіс.

Өтінішке талаптың негізі мен сомасын растайтын құжаттардың көшірмелері (заңды күшіне енген сот шешімдері, шарттардың көшірмелері, борышкердің қарызын мойындауы) қоса беріледі, салыстырып тексеру үшін онымен бір мезгілде құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.

Кредиторлар талаптарының негізі мен сомасын растайтын өзге құжаттарды ұсынуға құқылы. 

Уақытша басқарушы таныған кредиторлардың талаптары тізілімге енгізіледі. Ал белгіленген мерзімнен кешіктіріліп мәлімделген кредиторлардың талаптары танылған жағдайда тізілімге енгізіледі, бірақ мұндай кредитор бір ай мерзімде мәлімделген кредиторлар талаптары толық қанағаттандырылғанға дейін кредиторлар жиналысында дауыс беру құқығынан айырылады.

С.Қарнақбаева,  Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Берешектермен жұмыс басқармасының бас маманы