Колледж түлектері жедел жәрдем қызметіне көмекке келуде

Колледж түлектері жедел жәрдем қызметіне көмекке келуде

Дәрігерлер сырқаттанушылардың саны жақын арада азаяды деп үміттенуде.

Жергілікті атқарушы билік өкілдері жағдайды қатаң назарға алып, сырқаттарды қабылдайтын керует саны үш есеге көбейтілді. Ал дәрігерлер қатары жергілікті медициналық білім беретін оқу орындарының мамандары есебінен толықтырылып жатыр. Тіпті, колледж түлектері жедел жәрдем қызметіне көмекке келген. Дәрі-дәрмек тапшылығын жою мақсатында алыс-жақын шетелмен байланыс орнатылды.
Қазір Ақтөбедегі 6 медициналық мекемеде провизорлық емдеу орындары ұйымдастырылған. Теміржол ауруханасы, фтизиопульмонологиялық және облыстық медициналық орталықта пневмониясы асқынғандарды қабылдап жатыр. Қалғаны - қаладағы шипажайлардың бірі мен «Дару» емханасы және медициналық университеттің жатақханасында. Ондағы орынның өзі 74 процентке толық. Қазір қатерлі дертпен Ақтөбе облысында 2 мыңнан астам дәрігер күресуде. Алғы шептегі әріптестеріне медициналық білім беретін оқу ордаларының резиденттері мен ұстаздары да атсалысып жатыр.