«Дәрінің керегі де жоқ» – Малышева қазақстандықтардың коронавирусқа қатысты сұрақтарына жауап берді
«Дәрінің керегі де жоқ» – Малышева қазақстандықтардың коронавирусқа қатысты сұрақтарына жауап берді
Фото: Интернеттен алынды
270
оқылды
Ол Instagram желісіндегі парақшасында үрейленген қазақстандықтарға жауап берді, – деп жазады Tengrinews.kz. Көпшіліктің сұрағы бойынша Малышева шымкенттік реабилитолог Айна Бакееваның коронавирус жұқтырған науқастарды емдеу хаттамасын қайта қарауды сұраған видеосын атап өтті. Сондай-ақ, Малышева неліктен «екінші карантин» жарияланғанын түсінбейтінін мәлімдеді.
«Мен мұны түсінбеймін. Ешқандай түсініктеме жоқ. Қазақстанда неге былай болғанын айта алмаймын. Бірінші карантин медицинаға бір мақсатпен - дайындалу үшін берілді», – деді профессор.
«Қазақстанда жағдай нақты қалай екенін білмейміз. Интернетте дәрігерлердің жанайқайы толып жатыр. Бірақ дәрігерлер неліктен емдеу мүмкіндігін жоғалтып алды да, үкіметке үндеу жасап жатыр, түсінбеймін. Себебі алғашында емдеуге тиімді болған дәрілер, ең алдымен антикоагулянттар (қан ұюға қарсы дәрілер),  емдеу мекемелерінде бар. Қандай дәрілер емдемейді? Бұл – гидроксихлорохин, калетра, антибиотиктер. Бірден антибиотик жазып берудің мәні жоқ. Қазір дәрігерлер немен емдеп жатыр? Бірінші – антикоагулянттар. Екінші – іштегі қалып. Үшінші, ауру ауыр жағдайда өтіп жатса, науқастарды тоцилизумаба секілді препараттармен емдейді», – дейді Малышева. «Қазақстанда көптеген адам үрейленіп, дүрбелең салып жатыр. Науқастар «бізде бәрі сұмдық, компьютерлік томографияның өзі жоқ» деп жазды», – дейді ол. Малышева жауабында АҚШ-та ешқандай да томографиясыз емдеу туралы ресми шешім шығарылғанын айтты. «Кәдімгі рентген барлық сұрағыңызға жауап бере алады», – дейді тележүргізуші.   https://www.instagram.com/tv/CCTwgkEgHUY/?utm_source=ig_web_copy_link Малышева қазақстандықтар қандай дәрінің жоқтығына шағымданып жатқанын түсінбегенін атап өтті. «Дәрігердің рецептінсіз алуға болатын дәрілердің керегі жоқ», – деді Малышева.