Елбасы МАГАТЭ басшысының отбасына көңіл айтты
Елбасы МАГАТЭ басшысының  отбасына көңіл айтты
245
оқылды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев МАГАТЭ басшысы Юкии Аманоның халықаралық қауіпсіздікті нығайтуда орасан зор еңбегі бар екенін айтты.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев МАГАТЭ-нің бас директоры Юкия Аманоның қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

Нұрсұлтан Назарбаев Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің бас директоры Юкия Аманоның қайтыс болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

«Қазақстан Республикасы мен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік арасындағы тығыз ынтымақтастық Юкия Аманоның жан-жақты қолдауының арқасында мүмкін болды. Қайғыларыңызға ортақтаса отырып, Амано мырзаның отбасына, агенттік ұжымына және Жапон үкіметіне көңіл айтамын» делінген жеделхатта.