Елжан Біртанов: Арыстағы жарылыстан зардап шеккен баланың жағдайы ауыр
Елжан Біртанов: Арыстағы жарылыстан зардап шеккен баланың жағдайы ауыр
375
оқылды

Дәрігерлерден ешқандай мәлімет ала алмаған отандық БАҚ өкілдері 8 жастағы бүлдіршіннің жағдайы қазір қалай екенін министрдің өзінен сұрады. Арыстағы жарылыс кезінде жарақат алған 8 жастағы баланың өмірі қыл үстінде.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов: «Үш пациент қазір ауруханада жатыр. Біреуі – Шымкент, екіншісі – Алматы, ал үшіншісі – Нұр-Сұлтанда. Екеуінің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, жоспарлы түрде ем қабылдап жатыр», – деді. Ал Арыстан Нұр-Сұлтан қаласына жеткізілген 8 жастағы баланың жағдайы ауыр екенін айтты.

– Маған бас дәрігер күнде ақпарат беріп отыр. Ауыр бас-ми жарақатын алған. Оған қажетті медициналық көмектің бәрі көрсетіліп жатыр. Жақында шетелден мастер-класқа келген нейрохирургтарға көрсеттік, олар да қажетті медициналық емді қолданып жатыр. Бірақ көп жағдайда дәрігерлердің қолында емес. Жарақаттың күрделілігіне байланысты. Өкінішке қарай, қазір жағдайын өте нашар, – деді министр.

 Эльмира ЖАҚСЫБАЙҚЫЗЫ