Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі елордадағы балабақшаларда орындарды бөлу жүйесін зерттеуге кірісті. Бұл жөнінде агенттік төрағасыныың бірінші орынбасары Олжас Бектенов хабарлады.
Оның айтуынша, жуырда Нұр-Сұлтан қаласындағы балабақшаларда орындарды бөлу кезінде туындаған техникалық проблемалар тұрғындардың наразылығын тудырды.
– Осыдан кейін агенттік бұл мәселені тексеруге кірісті. Осы бағыттағы шаралар барысында indigo24.kz деген атаумен енгізілген жаңа ақпараттық тұғырнама жұмысында іркіліс болғанын анықтадық. Қазіргі уақытта бұрынғы ақпараттық тұғырнаманы жаңасына ауыстырудың мақсатын зерттеп жатырмыз. Осы екі жүйеге де бюджет қаржысы бөлінген, – дейді Олжас Бектенов.
Айта кетейік, астаналық ата-аналар әлеуметтік желіде балабақша кезегінің алға жылжудың орнынан 2-3 мың орынға дейін кері шегінгенін айтып дабыл қаққан болатын.