Бетперде тақпағандар коронавирусқа шалдыққандар жатқан ауруханаларда жұмыс істеуге міндеттеледі
Бетперде тақпағандар коронавирусқа шалдыққандар жатқан ауруханаларда жұмыс істеуге міндеттеледі
Фото: Интернеттен алынды
360
оқылды
Үндістан билігі коронавирусқа қатысты сақтық шараларын елемейтін тұрғындармен өзгеше тәсілмен күреседі, – деп хабарлайды «Хабар 24». Телеарнаның хабарлауынша, Гвалиор қаласында маскасыз жүргендер мен өзге де санитарлық талаптарды сақтамағандар 3 күн бойы қауіпті вирусқа шалдыққандарды емдейтін ауруханада жұмыс істеуге міндеттеледі. Болмаса полицейлердің бақылау-өткізу бекеттерінде еңбек етеді. Ережені елемегендер айыппұл төлейді. Үндістан коронавирус жұқтырғандар саны бойынша әлемде үшінші орында тұр. Тұрғындар қоғамдық орында міндетті түрде бетперде тағып жүруі тиіс.