Қорғаныс министрін қабылдады
Қорғаныс министрін қабылдады
338
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады.

Президентке Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери дайындық жағдайы, сондай-ақ Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстарының барысы туралы мәлімет берілді. Соның ішінде Қазақстан Президентіне қала аумағындағы оқ-дәрі қалдықтарын іздеу, тазарту шаралары, сондай-ақ Арыстағы әскери қалашықты қалпына келтіру жұмыстары жөнінде баян­далды. Қорғаныс министрінің ай­туынша, бүгінге дейін әскери қоймалардан үш мың тоннаға жуық оқ-дәрі қауіпсіз жерлерге шығарылған.

Қасым-Жомарт Тоқаев жарылыс салдарын жою және оқ-дәрілерді шығару жұмыстарының уақтылы атқарылуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ қаза бол­ғандарды, құтқару және қалпына келтіру жұмыстары кезінде ерекше көзге түскен әскери қызметшілер мен тиісті қызмет өкілдерін марапаттауды тапсырды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысына кезеңдерінің бір бөлігі Қазақстан аума­ғында өтетін алдағы әскери ойындарға дайындық барысы туралы мәлімет берілді.