Бұқараның сүйенері – партия
Бұқараның сүйенері – партия
270
оқылды
Осы орайда, «Nur Otan»-нан басқа әлеу­меттік аз қамтылған жандармен нәти­желі жұ­мыс жүргізіп отырған бірде-бір пар­тия­ның жоқ екенін айта кеткен жөн. Қабылдау бөл­месіне келген әр азаматтың өтіні­ші көп жағ­дайда аяқсыз қалмайтыны да ақиқат. Бұл партия атқарған іс-шаралар­дың нәти­же­лілігін айғақтай түседі. Сөзіміз дәлелді болу үшін қоғамдық қа­­былдау бөлмелерінің қызметіне, 2020 жыл­­дың бірінші жартыжылдығының ста­тис­тикасына аз-кем тоқталып өтейік. Жал­пы, жыл басынан бері қоғамдық қа­был­дау бөлмелеріне 224,1 мың тұрғыннан өтініш ке­ліп түскен. Бұл 2019 жылдың бірінші жар­тыжылдығымен салыстырғанда 3,6 есе­ге көп. Мәселелердің 56%-ы (126,4 мың) оң ше­шімін тауып, 42%-ы (92,9 мың) нақты­лан­ды, қалған 2%-ы (4,8 мың) бойынша тиіс­ті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қоғамдық қабылдау бөлмелері онлайн жұ­мыс режиміне көшкеннен кейін (13 нау­рыз­дан бастап) партияның қоғамдық қа­был­дау бөлімдерінің онлайн қызметтері күшейтілді. Партияның әр филиалында сенім телефондары ашылды. Соның ар­қа­сын­да 109 мыңнан астам тұрғыннан қоңы­рау келіп түскен. Партияға келетін онлайн-өтініштердің саны 5,3 есеге, оның ішінде әлеуметтік желілер (Facebook және Instagram) бойынша өтініштер – 17,5 есеге, Call-орта­лықтағы өтініштер– 2 есеге және Whatsapp-тан келетін өтініштер саны 9,5 есеге артты. Айта кетейік, өтініштердің 25%-ы рес­пуб­ликалық қоғамдық қабылдау бөлме­сіне келген.Олардың арасында Алматы тұрғын­дарының 16,2%-ы (36,3 мың), Түркістан об­л­ысы тұрғындарының 10,8%-ы (23,2 мың), Нұр-Сұлтан қаласы азаматтарының 9,2%-ы (20,5 мың) және Алматы облысы тұрғын­дары­ның 9,1%-ы (20,4 мың) қоғамдық қа­былдау бөлмелерінің көмегіне иек арт­қан. Атап өтер бір жайт, өтініштердің 80%-ы (178,4 мың) карантин режимін енгізумен тікелей байланысты болды. Оның 69%-ы– ақ­ша алу (50 мыңтеңге), 24%-ы– BIRGEMIZ қоры бойынша азық-түлік се­бет­терін алу, 3,4%-ы – медициналық бетпердемен қам­тамасыз ету, 2,4%-ы– мем­лекеттен әлеу­меттік төлемдер алу (42,5 мың). Сондай-ақ осы жылдың мамыр айын­да комму­налдық қызметтерге ақшалай өтемақы төлеуге қа­тысты 2 мыңнан астам сұрақ ке­ліп түс­кен. Сонымен қатар әлеуметтік қам­сыздандыру мәселелері бойынша да (зей­нетақылар, мүгедектік, әлеуметтік төлемдер, оның ішінде АӘК) тұрғындар тарапынан сан түрлі сауал көп жолданған. Статистика бойынша өтініш иелерінің 67%-ы – әйелдер. 51%-ы – 30 жастан 44 жасқа дейінгі орта жастағы,  26,7%-ы– 45 жас­­тан 60 жасқа дейінгі,  16%-ы – 60 жастан жо­ғары, 6,3%-ы 18 бен 29 жас аралығындағы аза­маттар екені анықталды. Сондай-ақ өтініш иелерінің 35,2%-ын көпбалалы және толық емес отбасылар, 20,8%-ын ерекше қа­жет­тіліктері бар адамдар мен зейнет­кер­лер құрады. Өтінішін жолдаған азамат­тардың бәріне орталық қызметкерлері жауап беріп, олардың мәселелерінің оң ше­­шілуіне ықпал етті. Міне, осындай ауқымды жұмыстарды атқарған қоғамдық қабылдау бөлмелерінің қызметі бас бармақпен бағалауға әбден лайық. Әрі-беріден соң бұл орталықтардың халық үшін қаншалықты маңызды екенін де бағамдауға болады. Бір сөзбен айтқанда, қо­ғамдық қабылдау бөлмелері елдің игі­лігіне жұмыс істейді. Ал «Nur Otan» партия­сы­ның мақсаты халықпен тығыз байланыс ор­нату, олардың үніне құлақ асу екені айт­паса да түсінікті. Сол себепті де тұрғындар кез келген мәселе туындаған жағдайда әр кез партияның көмегіне жүгінеді. Әсіресе, қоғамдық қа­был­дау бөлмелері адамдардың өтініш-шағым­дарын тыңдап, қордаланған проблемаларын шешуге қолайлы ортаға айналды. Орта­лық­тың мол тәжірибесі қор­даланған мәселелерді шешуде ұтқырлық танытып, соның арқа­сын­да көпшіліктің көңі­лінен шығып, аза­мат­тардың алғысына бө­ленуде. Халық игілігі үшін жұмыс істей­тін қоғамдық қабылдау жұ­мыстары алдағы уақытта да нәтижелі жұмысын жалғастыра береді деген үміттеміз.  

Әбілмансұр ЖАСАН