Жуалы балалары пони мінеді
Жуалы балалары пони мінеді
328
оқылды
Атап айтсақ, партия Төра­ғасының Бірінші орынбасары Б.Байбек Елбасының тап­сырмасына сәйкес өңірлерді аралап, тұрғындармен жүз­десу кезінде аталған елді ме­кенде бұқарамен кездесіп, тұр­ғындардың өтініш-тілектеріне құлақ түрген болатын. Соның бірі «Мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту және бейімдеу орталығына иппотерапия қызметін ұсыну үшін пони жылқысын алуға ықпал ету» еді. Аталған мәселе аудандағы демеушілер арқылы шешімін тапты. Жылқыға мініп серуендеу, сейіл құру – қазақтың қанына сіңген қасиет. Оның ерекше емдік қасиетін енді  аталған орталық емделушілері де  пайдалана алады. Ағымдағы жылдың 7 шілдесі күні партия Жамбыл облыстық филиалы төрағасының  бірінші орынбасары міндетін атқарушы Шәбден Тілеумұрат пен арнайы құрылған жұмыс тобы мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту және бейімдеу орталығына иппотерапия қызметін ұсыну жолын зерделеді. Нәтижесінде понилар Қарағанды қаласынан арнайы алдырылып, бұл жұмысқа демеушілер көп септігін тигізді. Дәл қазір понилар мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту және бейімдеу орталығында қызмет көрсетуде. Бүгін ауданға барған жұмыс тобы осыған көз жеткізіп, балалардың қуанышымен бөлісіп келді. Бұдан бөлек, өзге де мә­селелер оң шешімін тапты. Атап айтсақ, жолды жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін конкурс жарияланып, мердігер «L-ВИТА ТЕМП СТРОЙ» жеңімпаз деп танылды. Жал­пы сомасы 11 мил­лион теңге,  ұзындығы 1 шақырым  жол жөндеуден өтіп, 1 шілде күні тапсырылды. Сондай-ақ берілген тапсыр­малардың бірі Жамбыл және Алатау көшелерінің қиылысында орналасқан «Білімді ұрпақ»  оқу орталығының маңайына абаттандыру жұмыстарын жүргізу болатын. Бұл жұмыс та жүйесін тауып, абаттандыру жұмыстарын GT ASYL TIREK серіктестігі 6,6 миллион теңгеге жүргізді. Қазіргі таңда  оқу орталығының алдына брусчатка төселіп, автотұрақ салу үшін тиісті конкурстық шаралар өткізілді. Конкурс нәтижесінде «Ғапар» ЖШС мердігер болып анықталып, келісімшарт жасал­ды. Жобаның жалпы құны 4,5 миллион теңге болса,  мұндағы құрылыс  1 маусымда басталып, шілде айының 1-і күні  аяқталды. Осылайша, Елбасы – Nur Otan партиясының  Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлының ая­лы алақанының жылуын  жуалы­лықтар да сезініп, алғыстарын айтуда.  

Саятхан САТЫЛҒАН, Жамбыл облысы