Қасым-Жомарт Тоқаев Борис Джонсонды құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Борис Джонсонды құттықтады
336
оқылды

Ұлыбританияның Премьер-министрі лауазымына сайлануымен құттықтады.

Президент Қазақстан халқы мен жеке өзінің атынан Борис Джонсонды Ұлыбритания Біріккен Корольдігінің және Солтүстік Ирландияның Премьер-министрі лауазымына сайлануымен құттықтады.

«Басқарушы Тори партиясының көшбасшысын сайлаудағы Сіздің айқын жеңісіңіз Ұлыбританияның игілігі жолында қол жеткізген таңқаларлық табыстарыңыз бен адал қызметіңіздің мойындалуын көрсетеді» делінген жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Борис Джонсонға жаңа қызметте табыс тіледі.