Қазақстанда өкпені жасанды тыныс алдыруға арналған қанша аппарат бар?
Қазақстанда өкпені жасанды тыныс алдыруға арналған қанша аппарат бар?
Фото: Интернеттен алынды
426
оқылды
«Бүкіл елде 3 294 дана өкпені жасанды желдету аппараты бар. Аймақтардағы қажеттіліктерге байланысты оларды бөлу жоспарланып отыр. Таяу арада медициналық ұйымдар 1 658 ӨЖЖ аппаратын алады. Олардың 680-і жедел жәрдем көліктерін қосымша жарақтандыруға арналған портативті аппарат болса, 978-і стационарлық – базалық және функциялары кеңейтілген аппараттар», – деп хабарлайды министрлік. Алдағы уақытта қосымша 4 мың ӨЖЖ аппаратын сатып алу жоспарда бар. Айта кетйік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде қалыптасқан ахуалға байланысты жариялаған үндеуінде Қазақстанда ПТР-тестіден өту жиілігі тәулігіне 40 мыңға жеткізілетінін мәлім еткен болатын.