Елбасы Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековпен сөйлесті
Елбасы Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековпен сөйлесті
245
оқылды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстан Республикасының президенті Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті.

Әңгіме барысында тараптар екі мемлекет арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың белсенді түрде дамып келе жатқанын атап өтті. 

Күн тәртібіндегі өңірлік мәселелер де әңгімеге арқау болды.

 Нұрсұлтан Назарбаев пен Сооронбай Жээнбеков Қазақстан мен Қырғызстанның стратегиялық ықпалдастығын екі елдің игілігі үшін одан әрі тереңдетуді және кеңейтуді қолдайтындарын жеткізді.