Бүгінде облыс орталығында инженерлік-инфрақұрылым жүйелерін қайта жаңғырту, жөндеу жұмыстары аясында 5 ірі жобаның құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр. Дегенмен қазіргі таңда жер қазу жұмыстарына рұқсат беру көрсетілмеуіне байланысты коммуналдық қызмет көрсетуші ұйымдар жергілікті атқарушы органдардың келісімінсіз қазба жұмыстарын жүргізуде, заңды және жеке тұлғалар инженерлік-коммуникациялық желілеріне қосылуда.
Осыған орай, Абай даңғылы мен Суханбаев көшесінің қиылысындағы асфальт жабынын қазғаны үшін М2 жылу магистралін ауыстыру жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер «Корпорация Жилстрой-Тараз» ЖШС-не «Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы заңының» 130-бабының 1-тармағына сәйкес, 21 000 теңге айыппұл салынды. Сондай-ақ Төле би даңғылы мен Сыпатай батыр көшесінің қиылысындағы асфальт жабынын қазғаны үшін «Даму» ЖШС-не «Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы заңының» 130-бабының 1-тармағына сәйкес, 50 500 теңге айыппұл салынды. Ал қала әкімдігінің мамандары мұндай шаралар әлі де жүргізілетінін айтады.
Тараз қаласы