Карантин: Қазақстандықтарға тағы 42 500 теңге төленеді
Карантин: Қазақстандықтарға тағы 42 500 теңге төленеді
© сурет интернеттен алынды
284
оқылды
Қазақстанда қатаң карантиннің тағы екі аптаға ұзартылуына байланысты қазақстандықтарға 42,5 мың теңге төленеді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында хабарлады. 
"Қазір жағдайдың реттеле бастағанының алғашқы нышандары байқалады. Ахуалды толық тұрақтандыру үшін алдағы екі аптаның маңызы зор. Мұқтаж жандарға Үкімет шілде айына 42,5 мың теңге төлейді", - деп жазды ол.
Еске сала кетейік, бұған дейін елімізде қазақстандықтарға 42 500 теңге әлеуметтік көмегі наурыз-сәуір айларында берілген болатын.