2018 жылы еліміздің Тұңғыш Президенті Бес әлеуметтік бастамасын жариялаған болатын, оның бірі студент жастардың тұрмысын жақсартуға бағытталған. Осы міндеттерге қол жеткізу үшін Қазақстанның Білім және ғылым министрлігі «Қаржы орталығы» АҚ-мен бірлесіп жеке сектордың кеңінен қатысуын көздейтін мемлекеттік тапсырысты орналастыру тетігін әзірледі.
Осыған орай, біз инвесторлар мен жеке кәсіпкерлерді өзара тиімді шарттарда студенттік жатақханалар құрылысына ат салысуға шақырамыз.
Бұл процеске ауқымды түрде, яғни әлеуметтік нысан ретінде емес, табысты, тұрақты және перспективалық бизнес-жоба ретінде қарауды ұсынамыз. Бұған барлық алғышарттар бар.
Бірінші. Сұраныс ұсыныс тудырады.
Бүгінгі таңда елімізде студенттер үшін 90 мыңнан астам орын-жайды енгізу қажет. Оның ішіне еліміздің ірі қалаларынан бастап облыстық маңызы бар қалаларды қамтитын барлық өңір кіреді.
Жақын арада Қазақстанды 2000 жылдардың baby-boom нәтижесі күтілуде (салдарын «бастан кешіретін» болады), сондықтан жақын болашақта елде тұтынушылар нарығының қарқынды өсетіні айқын.
Екінші. Мемлекеттің қаржылық қатысуы.
Нысан пайдалануға сәтті енгізілгеннен кейін мемлекет тарапынан 8 жыл бойы мемлекеттік тапсырысты орналастыру жолымен ақша төлемдері жүргізілетін болады. Төлемдердің мөлшері пайдалануға енгізілген және білім алушы нақты орналасқан орын-жайлар санына байланысты. Жыл сайын әр орын-жай үшін жаңа жатақхана салынған жағдайда – 122 АЕК, ғимаратты жатақхана етіп реконструкциялау жасалған жағдайда 47 АЕК төленеді.
Үшінші. Қосымша табыс көздері.
Студент төлейтін ай сайынғы тұру ақысы мемлекет тапсырысының құнына кірмейді. Оның мөлшерін жатақхананың меншік иесі реттейді және ол нақты өңірдегі тұрғын үй нарығының шарттарымен анықталады.
Сонымен бірге, тұрмыстық қызметтерді көрсету үшін коммерциялық алаңдар жасауларыңызға болады, олардың негізгі тұтынушылары тұрғындарыңыз болмақ.
Жобаға қатысу шарттары
Жобаны іске асыру үшін капитал және жер телімі болу қажет. Жер теліміңіз болмаған жағдайда біз оны мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы, өңірлердің әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларымен бірге жобаны бастамалау немесе консорциум құру жолымен ресурстарды біріктіру арқылы алудың бірқатар жолдарын ұсынамыз.
Сонымен қатар егер сіздер ғимараттың меншік иесі болсаңыздар, оны жатақхана етіп реконструкция жасауға және оған мемлекеттік тапсырысты орналастыруға талаптануға болады.
Жобаны іс жүзінде жүзеге асыру сәтінен бастап 30 шарт жасалды, соның нәтижесінде 10 мыңнан астам жаңа орынның енгізілуі қамтамасыз етілді.
Жобаға қатысу үшін мыналар қажет:
Бірінші – жобаға қатысу шарттарымен толық танысу үшін studdom.kz сайтына кіру немесе 8-8000-802-828 нөмірі арқылы ҚР БҒМ Қаржы орталығының колл-орталығына хабарласу.
Екінші – шарт жасасу үшін Қаржы орталығына өтініш беру.