Дәрігерлерге қолдау көрсетті
Дәрігерлерге қолдау көрсетті
300
оқылды
Қазіргі таңда аймақта ко­ро­навирус жұқтырған  науқастарды емдеу үшін 400-ге жуық медицина қыз­меткері үздіксіз жұмыс істеп ж­а­тыр. Бүгінгі күннің батыр-лары – дәрігерлер науқастардың өмірі үшін күн-түн демей аянбай күресіп жүр. Медицина маман­дары індет қарқын ала бастаған кезден бері үйлеріне бармаған. Олар Ақтау қаласындағы 4 қона­қүйге орналастырылған. Атап ай­тар болсақ, Nur Plaza, Көктем, Ан­талия және Арман қонақүйлері. Осы орайда,  «Nur Otan»  пар­тия­сы­ның  бастамасымен дәрігер­лер­дің қызметін қамтамасыз ету жә­не қолдау мақсатында «Қара­жан­бас Мұнай» АҚ, «Каз Азот» АҚ, «Каспий Битум» ЖШС, «МАЭК-Қазатомпром» ЖШС және де­путат­тық фракция мүшелері ме­дицина қызметкерлері орна­лас­қан қонақүйлерге күнделікті  қа­жет­ті сүт өнімдері мен жеміс-жи­дек, азық-түлік жеткізіп жа­тыр. Сонымен қатар медициналық қыз­меткерлердің үздіксіз жұ­мы­сын жүйелендіру мақсатында «Nur Otan» партиясының ұйым­дас­тыруымен дәрігерлердің жұ­мыс­қа қатынауы үшін арнайы 5 микроавтобус қарастырылған. Алда­ғы уақытта  да «Nur Otan» пар­тиясы дәрігерлердің үздіксіз жұмысын ұйымдастырып,  жүйелі түрде қолдау көрсетуді жалғастыра бермек.  

  М.ТӨЛЕУ