Павлодарда трамвайда көшпелі қабылдау өтті. «Халыққа көмек» партиялық жобасының басты мақсаты – қоғамдағы шешімін таппаған өзекті проблемаларды шешу.
Nur Otan партиясының облыстық филиалы трамвай басқармасының бастауыш партия ұйымы және мемлекеттік мекемелермен бірлесіп, азаматтарды көшпелі қабылдады. Елді елең еткізген көшпелі қабылдауға келген халықтың қарасы көп болды.
Көпшілік тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қорғау мәселесі төңірегіндегі сауалдарына нақты жауап алды. Азаматтарды көшпелі қабылдау нәтижелі өтті. Мамандардан тиісті жауап алды. Nur Otan партиясы Павлодар облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Николай Дычконың айтуынша, тұрғындар айтқан мәселе жауапты мекемелермен бірлесіп шешіледі.
– Nur Otan – халықтың партиясы. Сондықтан да халықты өзіне шақырмай, тұрғындарға жақын болу үшін өздері келіп отыр. Мұндағы көтерілген мәселелерге сараптама жасап, тиісті жұмыстар атқарамыз. Бұл ретте жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жұмыс істейміз, – деді Николай Дычко.
Ерекше айтып өтер жайт, Павлодардың қабылдау шарасы қаланың 4-ықшамауданы мен аймақтың өзге де қалалары мен аудандарында бір уақытта өтті.