Дәрігерлерге демеу болды
Дәрігерлерге демеу болды
276
оқылды
«Nur Otan» партиясы аудан­дық филиалы төрағасының бі­рінші орынбасары Абай Құрман мен аудандық мәслихат хатшысы М.Манаповтың ұйытқы болуы­мен аудандағы орталық ауруха­на­ға бір жылқының тұтас еті мен әртүрлі азық-түлік жет­кізілді. Ал қауырт кезеңде азық-түлік пен етті жет­кізіп беруге аудандағы ерік­тілер жұмылған. Қысылтаяң шақта жеткен көмек үшін науқас­тарды емдеп жатқан дәрігерлер өз ризашылығын білдірді. Бұл ізгі шараның соңы емес. «Nur Otan» партиясы ау­дан­дық филиалы төрағасының бі­рінші орынбасары Абай Құр­ман алдағы уақытта медици­налық жабдықтар мен басқа да заттар тұрақты түрде жеткізіліп отыратынын мәлімдеді. Otrar1 Одан бөлек, қайырымдылық шарасында аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы, кәсіпкер Аралбай Асан Шәуілдір және Талапты ауыл округтеріне қор­ғаныш құралдары мен меди­ци­налық бетперде жеткізіп берді.  

М.ТӨЛЕУ