Мемлекет басшысы Мысыр халқына көңіл айтты
Мемлекет басшысы Мысыр халқына көңіл айтты
232
оқылды

Ақорданың мәліметінше, Мысыр Араб Республикасының Президенті Әбдел Фаттах Ас-Сисиге көңіл айту жеделхатын жолдады.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Мысыр астанасы Каир қаласында болған лаңкестік әрекеттердің салдарынан қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тез сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

«Қазақстан Мысырмен бірлесіп, елдеріміздің бейбіт өмірін қамтамасыз ету мақсатында қазіргі заман қауіп-қатерлеріне қарсы күресте ынтымақтастықты жалғастыруға әрқашан дайын екенін атап өтемін», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.