ШҚО-да 12 жылға сотталған азамат түрмеде Абай портретін салып жатыр.
Қазір пандемия кезінде сотталғандар туған-туыстарымен кездесу және мекемедегі барлық іс-шаралар да тоқтатылды. Сондықтан сотталғандардың әр қайсысы қолдарына келетін іспен айланысуда. Соның бірі - 12 жылға сотталған азамат Ұлы Абай портретін салуда. Оны көрген мекеме әкімшілігі, бұл туындыны алдағы уақытта балабақша немесе мектеп-интернатқа тарту етпекші.
"Қолымнан осындай өнер келетініне қуанамын, темір қапаста отырғаныма 4 жыл болды. Енді 8 жылым қалса да болашақтан үмітімді үзген емеспін. Анама, жанұяма, балаларыма деген сағынышым жаныма жылу береді. Жасаған қылмысым үшін жазамды толығымен өтеп, жаңа өмірімде өкініш болмаса екен деймін", - дейді Мақсат.