Алматыда 12-қабаттан секірген күдіктіні ұстау кезінде полицей зардап шекті
Алматыда 12-қабаттан секірген күдіктіні ұстау кезінде полицей зардап шекті
Фото: Интернеттен алынды
281
оқылды
Алматыға Екібастұздан келген 31 жастағы ер адам кәмелетке толмаған қызды зорлап, қарақшылық шабуыл жасады деген күдік бар. Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл қылмыс 11 шілдеде жеке үйлер алабында болған. Түскі уақытта күдікті Покровская көшесінде орналасқан үйлердің біріне кілтті таңдау ақылы кірген. Үйде 2 бала – төрт жастағы ұл бала мен оның 15 жастағы әпкесі болған. Қаскөй пышақпен қорқытып, 17 мың долларды иемденіп, содан кейін қызды қорлаған. Жантүршігерлік қылмысты ашу үшін арнайы жедел тергеу тобы құрылды.
«Бүгін біздің бөлімшенің криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктінің жасырынып отырған үйін анықтады. Ол Әл-Фараби даңғылындағы тұрғын үйлердің бірінің 12-қабатындағы пәтерде болған. Полиция келгенде ер адам ашық терезеден секіріп, төмендегі террасаға түскен. Оның артынан өз өмірін қауіпке тігіп, полицияның жедел уәкілі, полиция майоры Бақытжан Бәкіров секірді. Ол аяғының сынғанына қарамастан, күдіктінің жолын жауып, қашып кетуіне мүмкіндік бермеді», – деді Түрксіб аудандық Полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімінің бастығы Ерлан Аянбаев.
Тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сонымен қатар, Алматы қалалық полиция департаменті Бақытжан Бәкіров аса қауіпті қылмыскерді ұстау кезінде көрсеткен белсенділігі үшін марапатталады.