Көлік полицейлері алғысқа бөленді
Көлік полицейлері алғысқа бөленді
400
оқылды

Қазақ елінің басты байлығы – халық. Ал халық тілегі – тыныштық пен әділдік. Осы ретте, халықтың бұл тілегін орындап, әділеттілікті ту етіп, аққа жақ болып жүрген сақшылардың қызметін ерекше атап өткен жөн. Ісіне адал сақшылар бүгінде қызметте қырағылық танытып, азаматтардың өмірін оттан да, судан да құтқарып жүр. Сонымен қатар түрлі қауіп-қатер, зорлық-зомбылық, ұрлық-қарлық жағдайында да полиция қызметкерлері қиындық пен қатерге қайыспай, қоғамдық тәртіпті сақтау үшін аянбайды.

Жүгі ауыр, жауапкершілігі мол қызмет иелері халық қа­уіп­сіздігін қамтамасыз етіп, азамат­тардың құқығын қор­ғауды бас­ты миссиялары са­найды. Бү­гінде ел тыныш­ты­ғын абырой­мен сақтап жүрген сақшылардың ерлігі ауыз тол­тырып айтар­лық­тай. Оған қарапайым халықтың алғысы куә.

Мысалы, сондай алғысқа Петропавл стансасындағы Же­лілік полиция бөлімінің қыз­меткерлері Александр Снеж­ков, Хасан Магомедов, Жеңіс Ақыл­таев және Ырыс­бек Жо­лай ие болған. Алғыс біл­діру­ші – Татьяна Андрей­чен­ко есімді қала тұрғыны. Ол биыл­ғы жылдың 29 шілдесінде вок­зал маңындағы дүкеннің бі­рінде орналасқан терми­нал­дан ақша алып, әмия­нына салады. Бірақ әмиянды сол жерде ұмытып кетеді. Әмиян­ды ұмыт қалдырғанын Татьяна Сергеев­на үйіне жеткен соң ғана білген. Іле-шала дүкенге қай­­тып кел­се, терминал ма­ңын­­да бос жат­қан әмиянды көреді.

– Көңіл күйім бірден құла­зып кетті. Себебі, барлық от­басылық қаражат әмиянда бо­латын. Дереу «102» нөміріне қо­ңырау шалып, полиция қыз­меткерлерін шақырдым. Олар жетемін дегенше, осы маңда рейд жүргізіп жүрген Петропавл стансасындағы Же­лілік по­лиция бөлімінің қыз­меткерлері көмек­ке келіп үлгерді. Олар мән-жай­ды бі­ліп, дереу іске кірісті. Дү­кен­ге кіріп, бейне­жазбаларды қарай бастады. Осы сәтте «102» нө­мірімен ша­қырған полиция қызметкерлері де келіп, өтініш жазу үшін мені полиция учас­кесіне алып кет­ті, – дейді Т.Андрейченко.

Желілік полиция қызмет­керлері жедел әрекет етудің нәтижесінде, оңай олжаға қы­зыққандарды бірден тауып алған. ЖПб-нің жоғарыда ата­лып өткен 4 қызметкері 10 ми­нут ішінде бұл істің анық-қанығына жеткен екен. Бей­не­жазбаның көмегімен ақ­ша­ны қолды қылған адамды де­реу анықтаған олар Татьяна Андрей­ченкоға хабарласқан.

– Арада 10 минуттай уақыт өткен соң, ұялы телефоныма ЖПб-нің қызметкерлері ха­бар­ласты. Олар әмияннан ақ­ша алған адамдарды анықтап, ұстағандарын жеткізді. Бас­тапқыда сенер-сенбесімді біл­медім. Ақша ұрлағандарды ал­дыма алып-келіп, барлық қа­ражатты толығымен қай­тарт­­ты. Өте қуаныштымын. Ең бастысы, менің өтінішіме жіті мән беріп, оның оңтайлы шешілуіне ықпал еткен көлік сақшыларына және депар­та­мент бастығы, полиция пол­ков­нигі Аманжол Қабыловқа алғысым шексіз – дейді ол.

Бұл – келтірілген мысал­дың біреуі ғана. Шын мәнінде, поли­ция қызметкерлері жұ­мыс ба­ры­сында түрлі қылмыс пен ұрлық­тың басы-қасында жүріп, қыз­метін адал атқарады. Ал қара­па­йым халықтың осын­дай алғысы оларға күш-жігер бере­тіні анық.