Қазақстан Президенті Қырғызстанда болып жатқан жағдайды мұқият бақылап отыр
Қазақстан Президенті Қырғызстанда болып жатқан жағдайды мұқият бақылап отыр
321
оқылды

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің мәліметінше, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанда болып жатқан жағдайды мұқият бақылап отыр.

Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында: «Қазақстан Президенті Қырғызстандағы болып жатқан жағдайды мұқият бақылап отыр. Мемлекет басшысы бауырлас көрші елдегі ахуал Қырғыз Республикасының ішкі шаруасы деп есептейді. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жағдай жуық арада елдің қолданыстағы заңы аясында шешілетініне үміттенеді» деп жазды.

Кеше Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнайы жасағы елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты Қой-Таш ауылындағы үйінде ұстау операциясын жүргізген болатын.