«Орысшаны халық түсінбей отыр» – Балаева баяндаманы қазақ тілінде айтуды талап етті
«Орысшаны халық түсінбей отыр» – Балаева баяндаманы қазақ тілінде айтуды талап етті
Фото: Интернеттен алынды
331
оқылды
«Барлық баяндамашыларға айтарым, слайдтың бәрі орысша болғаннан кейін өздеріңіздің баяндамаларыңызды қазақша жасауға болады ғой. Себебі,  жиналысымыз Facebook-те онлайн форматта өтіп, халыққа тікелей көрсетіліп жатыр. Бұған қоса, біз халықты ақпараттандыру проблемасын айтып отырмыз. Ал мемлекеттік тілде ақпарат жеткілікті деңгейде емес. Жұмысымыз орыс тілінде жүргізілгеннен кейін халық түсінбей отыр», – деп министр.
Министрдің айтуынша, баяндамашының слайды орыс тілінде болса, баяндамасы қазақ тілінде болуы тиіс.
«Слайдтар орыс тілінде болса, баяндаманы қазақша жасауға болады. Не болмаса слайдтарды қазақша, баяндаманы орысша жасасақ. Комиссия мүшелері және баяндамашылар осы мәселені қаперде ұстауы міндетті», – деді Аида Балаева.
Жиында Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның отырысында мүмкіндігі шектеулі адамдардың ақпаратқа қолжетімділік, мемлекеттік органдардың ашықтығы, өткен жылдың қорытындысы, мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай тұғырнамасының жұмысы талқыланды.